Реферат: Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. Алайда, табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын білмейінше, жұмсаған бар күш - жігеріміз табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жүмсалатынын естен шығарып аламыз. Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Бұл жерде тек биологтар ғана айтылған тезистің әділдігін мойындатар дәлелдер келтіре алады деп жазады Ф.Рамад «Қолданбалы экология негіздері» атты еңбегінде. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды айқын: адамды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып - үйренуден бастау қажет. Р.Риклефстің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін еске алған жөн.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә Қайран (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә Қайран
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады,, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар құрастыра алады;
Кейбір оқушылар: шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады,шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашқы сұрақтар қояды және оған өз ойын білдіре отырып жауап береді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағы да күз тағы міне сары таңды ұзақ түн)

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әтір таңдау Жасанды әтірді анықтау

✅ Әтір таңдау тәсілдері. Қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы керек. Оларды кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіе сай қолданады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат әтіріңіздің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенім жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз.
әтір таңдау тәсілдері

✅ Алайда ондай мүмкіндік бола бермейді, ондайда өзіңіз ажыратып үйреніңіз:

✅ Қорабы
Қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер “жасанды бәсекелестерден” сақтанып целлофанмен қаптамайтын болған, ондайда картон сапасын қарай аласыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

104. Қан кетуді тоқтату үшін:

жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;

қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;

қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Суық тигізіп алсаңыз...

Егер сізге суық тиіп, дене қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде терлеуіңіз керек. Ол үшін басым көпшілігіміз аспирин, парацетамол немесе басқа да дәрі-дәрмек көмегіне жүгінеміз. Ал біз бүгін сіздерге өсімдіктермен тер шығарудың жолын ұсынғымыз келіп отыр.

Кептірілген таңқурай жемісінен тұнба жасап ішіңіз. Жарты стақан жемістің.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0