Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.