ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын .....
«Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста» Марк Аврелий
Әр адам жеке бір тұлға... Барлық адам бірдей... Барлығымызда бірдей ми, бас, қол және тағы да басқа... Тек біз бір-бірімізден білім, ғылым, ақыл арқылы ғана оза аламыз. Тәңір бізді салыстырмайды, біз пенделер салыстырамыз... Сондықтан ол сеннен артық не кем болғанына еңсеңді түсірме!
Өмір бүгіннен немесе ертеңмен шектелмейді. Өзіңді бағала, ой-санаңды кеңейт.Айналада болып жатқан қиындықтарға басқа көз қараспен қарап, оның шешімін тауып көр. Әрбір қиындық болған жерде жеңілдік те қатар жүреді.
Сен өзіңді дамыту кезінде, саған өзгелердің ойы емес, керісінше сенің ойың маңызды болуы тиіс..
Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгертуден баста.Өзгеден мін іздемей, алдымен өзіңе бір сәт мән беріп қара.Өзіңді ерекше тұлға ретінде сезін де, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді іздеуге тырыс.Алдымен өзіңді жақсы көр.Содан кейін жаныңдағылардың жанына терең үңіліп, сыйлап, құрметтейтін боласың...
Өмірде ешқашан өзіңді алдама, жалғандықты жоюың қажет...Өзіңді алдап ешқашан алдыға қадам баса алмайсың... Барлығын риясыз жақсы көр, сене біл........
Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр. КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Арал теңізі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Арал өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды. 1988-2000 жылдары суару және коллектор-дренаж жүйелерін қайта құру жөнінде ірі ауқымды жұмыстар жүргізу көзделді. Суармалы жерлердің ірі алаптарын құру тоқтатылды. Әмудария, Сырдария сағаларына және Арал теңізіне судың кепілді ағуын қамтамасыз ету үшін суару мақсаты мен шаруашылық қажетке су пайдалануға лимит белгілеу дұрыс деп табылды. Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет. 1988 жылы сентябрь айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Арал теңізі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады. ....
Ұмытпасам 2008 жылы Семейдегі Шәкерім атындағы университеттегі Шәкерім орталығына біраз тарихи фотосуреттер мен қолжазбалар тапсырдым. Өмірінің соңында анам жазуға отырып, аталарының қолжазбаларын ақтарды. Сексенінші жылдардың ортасында үйге Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхамедханов, тағы бір үлкен жазушылар келді. Анам сол кісілерге атамнан қалған қолжазба, фотосуреттерді берді.
Сол жылдарда Шәкерім атаның ақталғаны туралы хабар жетіп, анам марқұм екі күн жылағаны есімде. Жазушылар одағының сол кездегі төрағасы Олжас Сүлейменов анамды шақырып алып: «Қазақстанның қай қаласынан болса да пәтер бергізем, таңдаңыз» дегенде ол кісі Талдықорғанды айтыпты. Олжас аға сол қаладан бір бөлмелі пәтер алып берді. Жалғыз бізге емес, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың отбасына үш – төрт әулетке пәтер бұйырды. Сол үйде анамыз атасы Шәкерім туралы көп жазды...
Сонымен Шәкерім ата мен анам Кәмилә Ғафурқызының (Қапыр) туыстығы қандай еді? Кәмилә – Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан туған Ғафурдың қызы, Шәкерім атаның туған немересі. Анам Кәмилә атам жайлы былай дейтін: .....
Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».
Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».
Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:
Ән салсаң, Ән бар ма еді асқан одан, Жететін Алатауға астанадан. Қайран қып өнеріңмен алыс жұртты, Қайтып ең сабақ алып «Ла Скаладан». Қызығып әніңе де, затыңа да, Қалатын аузын ашып ақын аға. Шыңылдап хрусталь шамдар кетуші еді Ән шырқап сен шыққанда сахнаға. Сонда ашық еді даусың қандай,......
Мөлдір — мектеп жасындағы жасөспірім қыз. Әкесі ол бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде ауылдағы жалғыз ауруханаға практикаға келген бір бойжеткенге ғашық болып, үш баласы мен келіншегін тастап, сол сүйген адамының соңынан қалаға кеткен. Содан бері ауылға ат ізін салған жан емес. Жалғыз шешесі бастапқы кезде тосын қайғыдан есін жия алмай, елге қарауға беті болмай, қатты намыстанып, туыс-туғанмен қатыспай, той-томалаққа да бармай, томаға-тұйық жүрді.Кейін келе өзі сияқты күйеуі басқа әйелге кетіп қалған жалғызбасты әйелдермен жиі-жиі бас қосып, арақ-шарап ішіп, таң атқанша барқырай ән салып, балаларының бар-жоғын ұмытып кететін болды. Үйге қарауды мүлде қойды. Есіктен төрге дейін шашылған төсек-орынның кірден түсі көрінбейді. Бағатын адам болмаған соң, мал құтая ма, сауып отырған жалғыз сиыр да, оншақты қой-қозы да бір жылға жетпей, жоқ болды. Өлгені өлді, өлмегенін ұры әкетті. Әйел түгілі еркек жеңе алмаған арақ бірте-бірте Мөлдірдің анасын да біржола өзіне тәуелді етті. Бас жазатын арақ алуға ақша таппаса, бар ыза-кегін үш баласынан алатын, қыз-ау, кішкентай-ау деп аямай, қолына не түссе сонымен ұрып-соғатын. Ал қарғап-сілегенін естіген адамның төбе шашы тік тұрады. Оған “Қарағым, қой, балаларыңды ойла” деп, ақыл айта келген туыс-туғанның көңілі қалғаны соншама, олар бұлардың босағасынан аттамайтын болғалы қашан! Киімі алба-жұлба, үйінің іші-сырты қоқыс, балалары аш-жалаңаш әйелдің бар ойы – арзан шарап болса да, бірдеңе тауып ішу. Адам сияқты ойланудан қалған әйелдің құлқынын тесіп бара жатқан жалғыз нәрсе – ол тек ішу, мас болу ғана. Қақаған қыста отынсыз үйде дірдек қағып шыққан ашқарын балаларын анасы аямағанда, кім аясын? Көршілері де олардан баяғыда теріс айналған. Балалардың ішінде бас көтерері – Мөлдір......
Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да, Уақыттың жұқ болмапты жұмырына. Армысың, Азаттығым, қыран қанат, Қалықтап қайта қонған тұғырына. Кең ашып берекеңе есігіңді, Түзетіп, тербете біл бесігіңді. Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа Құдайдан күтіп едің осы күнді. Несіпбек Айтұлы Еліміз егемендігін алып, еңсемізді көтеріп, Тәуелсіздік тойын тойлап келе жатқанымызға да 25 жыл болыпты. Осы 25 жыл ішінде біз толағай табыстарға жеттік, қазақ елін әлем таныды: Қазақстан бүкіләлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарында көрініп келеді. Біз тәуелсіздік тұғырын бекіте түстік, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын заманға қадам бастық. Осындай жарқын заманға жету бізге оңай болған жоқ.Зарықтырып жеткен Тәуелсіздік жолының соншама шырғалаң, сондай бұралаң әрі соншама ұзақ болғанын жұрт жақсы біледі. Елдің басына не келіп, не кетпеді дейсің! Опық жесек, қорлық көрсек, аңқаулығымыздан, жікшілдігімізден көрген елміз. Оның айқын мысалын VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен оқимыз: «Ей, түрктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті- халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, сонда не таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрк бектері, халқы өкін!» Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ұмытуға болмайды. Ұлтарақтай жер үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама арыстарымыз тар қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті. Жігеріміз құм болып, жұртымыз құл болды. .....
Шәй демдеп, қалған тәттілерін дастарханға қойып Аяулым бар құрметін жасауда.Ағам жайлы жақсы хабар айтады ау деп бейшара қыз жүгіріп жүр.Жөн сұрасып біраз үйренгеннен кейін Руслан әңгімесін бастады. - Ауялым,қалқам, мені мұқият тыңдашы,-Аяулым осы сөзінен-ақ селк ете қалды. – Ерлік менің жақын досым.Басыңа қандай жағдай түсіп жағдайыңның қаншалықты ауыр екенін білемін.Қазаңа ортақпын.Мені тыңда, тек шошымашы,жарайды ма?Ерлік қазір Ақтөбе қаласында абақтыда жатыр.Тыңда,тыңда шошыма! Кішкентай қыз емессің есің бар.Мен сенен еш шындықты жасырмай айтамын.Тек сен ақылмен тыңда.Осыдан 1 жеті бұрын Ерлікке барып қайтқан болатынмын.Сен менің досымның маған тапсырған аманатысың. Әке-шешесінен бірдей айырылу оңай емес.Ол Сол кездегі оқиғаны естіп әкеңнің қарыз болып қалған адамына барған осы күйікпен жүріп сол кісіні дәл солай бақилыққа аттандырды.Әке-шешесінің қаны үшін кегін алды.Басында қашып жүрді, тығылды.Бірақ Ерлікті тауып алып қамап тастады.Жағдай осылай.Енді айтайын дегенім Аяулым, мен сенің қасыңда үнемі бола алмаймын.Сен өзіңе сақ бол.Әлгі кісінің адамдары сені іздеп жүрген көрінеді.Мына үйді сатуға шығарып 1-2 күннің ішінде бір шет жердегі елді-мекенге көшіп кетуің керек.Ұқтың ба мені?,-деп сөзін аяқтады. Аяулым біраз есін жинай алмай естігенін жетік түсіне алмай үнсіз отырды.Руслан бөлген жоқ.Себебі қаншалықты ауыр екенін түсініп-ақ тұр......
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды, Олар біздің бақыт үшін қан төккен Өмір деген қандай тәтті ұғым! Бар әлемнің әр пендесі, жануары мен жәндігі өмір үшін күреседі, әр күннің шуағына шомылып,әрбір сәтке шаттанады. Иә, біз бақытты жандармыз! Өйткені біз Тәуелсіз,егеменді, байтақ елде өмір сүріп жатырмыз.Бақытты елде мереке де көп. Әйтсе де ,9мамыр-Жеңіс күні әр адам жанына жылулық, мейірімділік сыйлайтын күн болып саналады.Өйткені бұл күн бізге аталарымыздың сыйлаған бақытты күні іспеттес.Аталарымыз болмаса біздің еліміз,халқымыздың қанды қол фашисттердің зұлымдығынан құтыла алмас еді. Жалпы бұл уақытты бір ғұмырға теңеуге де болады. Алла оңдап, сұм соғыста біздің әскерлеріміз жеңіске жетті. Содан бері, міне, біраз жыл өтті. Еліміз де еңсесін тіктеп басын көтерді. Бейбітшілік пен келісім заманында ғұмыр кешудеміз. Сондықтан бізге осындай бейбіт заманды сыйлаған, осындай керемет өміріміз үшін жандарын қиған ата-бабаларымызды естен бір сәт шығаруға, оларды елемеуге, рухтарына тағзым етпеуге біздің хақымыз жоқ. Қан майданнан аман келген батырларымыздың да жыл өткен сайын көзі азайып барады. Майдан қоркынышымен өмір үшін жан таласты олардан артық ешкім білмес. Қанша жерден жау мықты болса да, оларды алға қарай бір адым да бастырмай, қаза тапқан қайран бабаларым-ай... Майдан ауыртпалығын ер-азаматтарымыз көтерсе, ер-азаматтарымыздың қажеттілігін ауыл-аймақтағы көздері жәудіреп, келер күннен тек жақсылық пен қуаныш күткен қаракөз қызкеліншектер көтерді.......