Ғылыми жұмыс (жоба): Химия | Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау

Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады.
Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек:
1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі;
2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі;
3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.;
Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық комуникативтік технологияны пайдалану

Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады.
Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияны (АКТ) пайдалану.
Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Фирмалық киім тауары мен Киім өлшемін ажырата аласыз ба

Киім өлшемдерін сатушылар мен сәннен хабары барлар болмаса, кей адамдар түсіне бермейді. Киімдердің өлшемі санмен белгіленіп жазылса, кейбірінде, латын әріптерімен жазылады. Латын әріптерімен жазылған киім өлшемдерін біле жүріңіздер:

✅ 1. Әр елден әкелінген импортты киімдер белгілердің өлшемі: L-КЕҢ, М-ҚАЛЫПТЫ, S-КІШІ дегенді білдіреді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Биылғы оқу жылы қалай басталады?

Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтыланумен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегіше сипатталады: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жас отауда бақыт таңы атқан күн


Жас отауда бақыт таңы атқан күн
(Жас жұбайларға тілек)




Құрметті Жас жұбайлар!


Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір-бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын, түңліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей сәулесін төксін! .....
Әңгімелер
Толық
0 0