Қазақша реферат: Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған......
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасауда зор еңбек сіңірген А.Байтұрсыновтың еңбектерінен баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде құнды пікірлер табуға болады. Тіл дамыту мәселесі бертін келе әдісккер ғаымдар Н.Жұбанова, Б.Кәтенбаева, Б.Құлмағамбетова, С.Рахметова, А.Жаппаровтың еңбектеін,де зерттелді. Қазақ тілі мен оның әдістемесі жөніндегі ғылымның дамуына Қ.Жұбанов, С.Аманжолова, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, т.б. ғалымдардың еңбегу өте зор. Бұдан кейінгі ғалымдар К,Аханов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, Р.Әміров, Р.Сыздықова, Ф.Мусабекова т.б. еңбектерімен танысып, ондағы тіл мәдениетімен стилистік грамматикалық формалардың синонимдік варианттарымен функционалдық ерекшеліктері туралы құнды пікілерді тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізін жетілдіруде үлкен маңызға ие екенін байқадық.
Зерттеудің мақсаты: Тілге қатысты ғылыми практикалық жаңалықтарға сүйене отырып, қазақ тілін оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің мазмұнын, жолдарын, әдіс тәсілдерін белгілеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары жүйелі жүргізіліп, теориялық негіздері айқындалса, оны іс тәжірибе қолданудың тиімді әдіс тәсілдері сараланып, әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, оқушылардың тілін дамытуға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Тіл дамыту мәселесінің теориялық негізін айқындау;
- Қазақ тілін оықту барысында тіл дамыту мәселесінің шешуі нәтижесін зерттеу; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0