Ақын Сырбай Мэуленовтің «Тосын жазы» өленіңде; Қой өрді таңсәріде үдеріле, Қара атты Жаркешудің түбегіне. Келеді қой соңында Қыстаубай шал, Ақырын қамшы сыйпап....
Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. 1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды......
Кіріспе Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет. Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек. ....
Жұмыртқа - тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы: 73, 6% судан, 12, 8 % ақуыздан, 11, 5 % майлардан, 0, 7 % кемірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жинағы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157ккал. Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуы мүмкін. Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 - 76 г, үйректікі – 75 - 100 г, күрке тауықтікі – 80 - 100г, қаздікі – 160 - 200 г болады. Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы қуыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар. Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады. Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын көрсетеді. Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады....