Өлең: Малыбекті жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастаймын,
Одан кейін зарымды.
Өміріме өрт кетіп,
Ай менен күнім жабылды.
Замана ақыр орнады,
Кең дүнием тарылды.
Жалғызымнан айрылып,
Болып тұрмын шабынды.
Ұшырғаны-ай Құдайым
Басымдағы бағымды.
Жас басымды қуартып,
Сындырғаны-ай сағымды.
Тоты құстай құбылған,
Алып кетті сәнімді.
У мен дертке талатып,
Тастап кетті жанымды.
Санаменен сарғайып,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Таудағы қыз

- Таудағы қызды көрдің бе? Таудағы қызды танисың ба? Таудағы қыз бар емес пе...-деген кішкентай Көркемнің таусыз ауылдағы қайдағы тауды айтып, қайдағы тау қызын айтатынын ешқайсымыз түсінбесек те, қайта-қайта қайталанып мезі еткен сұрағына "иə,жоқ" деп жауап бере салушы едік. Көркем көкек айында төртке келгенмен, ойы тым жүйрік айтқанды бірден ұғып алатын, һəм өзі де көп нəрсені ойлай алатын пысық қыз. Өзінен екі-үш жастай үлкен екі ағасының қасында жүріп, əрі солармен ілесіп, ұлдардың арасында жалғыз қыз болып, ұлдарша ойнап үйреніп кеткендікткен болар өзін кейде ұлдарға ұқсатып, солардың істеген қылығын қайталауға əуес. Топыраққа аунап дала ойынына тойып, кеш бата үйге кірісімен, үйдегі қос ағасына ұрынуға көшеді. Қашан көрсең де, үшеуінің бірін-бірі қуалап, бір-бірімен алысып-жұлысып ойнап жүргені. Осыдан бір айдай бұрын салынып біткелі ұзақ тұрып қалған үйге жаңа көршілеріміз көшіп келді. Жаңа көршілермен танысуды үлгертпей қайғылы хабар қара бұлттай үйіріле қалды. Көршіміздің жеті жасар ұлы қаза болғанын естігенде жағамызды ұстадық. Расында да,адам шошырық жағдай, оның үстіне, балаға не болғаны да белгісіз. Бұл бір жұмбақ, əрі тылсым оқиға... Арада өткен біраз күндерден кейін ойнап жүрген балалардың аузынан "қайтыс болған бала..." деп айтылып жүрген сөзді естіп, не дерімді білмедім. Ауыл балалары ойнайтын, жаңа үйдің дəл жанында улкен үйулі тұрған саз бар болатын. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Бөгежек Мампаңды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біссимиллә деп әуелі,
Кітапта бұрын айтылып,
Әуел бастан жар салған.
Бес намазға палуан
Қызметін бар салған.
Елу жылдай ел сұрап,
Халқының ісін басқарған.
Толып жатыр халықта
Ерте туып кеш қалған.
Түбіріндей мешіттің,
Кем-кетігін еске алған.
Орынында өзінің
Бір баласы жас қалған.
Егесіп жүрген дұспанның
Алдынан шығып қасқайған.
Жұртқа лайық кісі еді,
Тізесінен май тамған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ерторыны екі келінінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аузыңа сусын бере алмай,
Басыңа жастық қоя алмай,
Ақ дидарың көре алмай,
Қапыда кеткен дүние-ай!
Серкесіз қойдай ұйлығып,
Кең дүниеміз болды тар.
Есте қалмас сұм қайғы,
Заһар болды татқан нәр.
Жатқан жерін айтайын,
Бабалы тау оң жағы.
Айыр кезең баурайы,
Он жеті кісі жөнелді.
Жеті кісі, сегіз ат
Жатқанын жайрап көріпті
Көкорай шалғын сайдағы.
Бір жерге сүйек жия алмай,
Кәріп жанын қия алмай,
Уездной, судия,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы. «Қышқылдық және сілтілік ерітінділердің рН анықтау» (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы. «Қышқылдық және сілтілік ерітінділердің рН анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - заттарды электролиттерге және бейэлектролиттерге, күшті және әлсіз электролиттерге жіктеу;
- диссоциация үдерісіндегі судың маңызын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Электролиттер мен электролиттер емес туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, электролиттік диссоциация теориясы негізгі принциптерін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Проблеманы анықтау және талдау 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үдерістерді электрондық кестелерінде моделдеу
Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау және талдау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.1 – Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаты: Экономикалық үдерістерін электрондық кестелерінде зерттеу және әзірлеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қожаберді болысқа шығарылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла, әуелі бір құдай,
Жараттың жарық күн мен ай.
Барабар барша әлемге,
Мейлі жарлы, мейлі бай.
Пайғамбарлар, патшалар,
Бәрін де елім қылды жай.
Асусыз асқар тауларды,
Құлатып ақыр қылды сай.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Жайымыз болды осылай.
Біз жатыр ек далада,
Жәкем кеткен қалаға.
Бір қатық арман сол болды-ай,
Арамыз қалды қосылмай.
Кеулімізге әлі де,
Қалада Жәкем жүргендей.
Өкімін жұртқа жүргізіп,
Қысқа дәурен сүргендей.
Шығайсын деген ауылда,
Кетерін Жәкем білгендей.
Ағасы алда тоқтатқан,
Айтқаныма бір көнбей.
Араздасып қоштасып, ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы

Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!

---

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты....
Баталар | Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Өлең: Ықсанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісмілладан айтайын,
Бәрәкалла сөз басын.
Мұңлық болған Күнімқыз
Перзентінен қозғасын.
Мінәжәт қылып сөз сөйлеп,
Шариғаттан озбасын.
Әуелі Құдай қалаған,
Асыл нұрдан жаралған.
Алладан әмір болған соң,
Алтыннан терек құлаған.
Молдаларды көргенде,
Шариғат сөзін сұраған.
Бала да болса халайық,
Үлкенге басын балаған.
Бауырымның парасы,
Екі көзім қарасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0