Асығыс айтып саспайын. Бұлаңдап жүрген бұлғыным, Қысқа болды-ау өмірің, Аяққа құйған астайын. Құдай қосқан қосағың, Зарлап қалды жастайын. Бес атаның баласы, Мына бір сөзге қарашы, Сенген жақсың кеткен соң, Кімге сеніп жүрсіңдер? Алыстап бара жатыр ғой Ағайынның арасы. Артықша туған арыстаным, Мақшарда біткей жарасы. Әуедегі жұлдызым, Су ішінде құндызым!....
Менің туған өлкем – Қазақстан. Қазақстан жері -тарихқа да, мәдениетке де, салт- дәстүр мен ғұрыпқа да, ұлт пен ұлысқа да бай көне ежелгі мекен. Бұл жердің әрбір тау-тасы да тұнып тұрған тарих. Еліміз сонау ғасырдан Керей мен Жәнібектің хандығынан бастау алып, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі аралықта жетіліп, өркендеген алпауыт мемлекет. Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма бес жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Әнұранымыз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов: .....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс: Зертханалық құралдармен жұмыс жасау Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс: y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділік графигін талдау, график арқылы мәліметтерді оқу Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс: физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеріп, үдеудің мәнін анықтау.........
Біз елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналды. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап бүгінгі шаңырағы биіктеген, әлем таныған мезгілге дейінгі басымыздан өткерілген сан алуан оқиғаларға куә болып, қаншама құнды деректерге қанығасыз. Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатты: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етем дегенін, ел болашағын тереңімен ойлағанын пайымдатады. Осы Абылай арманы Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» Мәңгілік Елдің іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде, Елбасымыз Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы « Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- Қазақстан -2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген сөзі айшықты айғақ. Бұл –ел өміріндегі ерекше бір белес......
Жетім-жесір атану Лайық па еді біздерге?! Жыл айналды келмеді, Болмады күдер үзбеуге. Із-тозы жоқ жоғалттық, Дәрменім жоқ іздерге. Көкірек толған қайғы-шер, Төгейін, ел-жұрт, сіздерге. Айтайын, жұртым, ойымды, Болса сөзім орынды. Сабазымдай пана боп, Кім түзер оң мен солымды. Аяулы қайран сабазым, Аруағыңа табынам. Көңілім менің алаң-ды, Өмірде сенің жоғыңнан. Қасиетіңді адамдық Өмір бойы сағынам. Құдайға бәрін тапсырдым, Не келеді қолымнан! Өзің жоқсың ақылшы, Күн үшін кімге жалынам. ....
Халықтың дана молдасы, Батырлардың қолбасы. Осындай ердің, қарағым, Болып едің жолдасы. Оң жаққа төсек салмадың, Атантай қызын алмадың. Ортамызды толтырып, Бір қызық тастай алмадың. Салусыз қалды-ай төсегің, Дұшпаннан болды өсегің. Қиямет қайым болғанда, Сол жауың болсын есегің. Орайда орай оқ атқан, Он екі сала бағы атқан. ....
Әуелі Құдай, Пайғамбар, Қақ жолында рай бар. Келіп қайтқан дүниеге Мурсал Пани Сәруар. Он сегіз мың ғаламды Оның үшін жаратқан. Қабибі еді Алланың Хақ Мұстафа Пайғамбар. Дін жолында жолдасы— Төрт Қалима Шаһария. Касиетін бұлардың Халқым бар ма тамамдар?! Кақ жаратқан әнбие, Машайықтар әулие, Соларға опа бермеді Бағасы жоқ сұм дүние....
Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын.
Ескіден сөзді бастайын, Асығыс айтып саспайын. Төредей болған қарағым-ай! Аузымнан қайтып тастайын. Ертістің сойы салқын-ды. Жан еді қалқам тартымды. Жыламай қайтып тұрайын, Жоғалттым жерге алтынды. Биссимилла сөздің басы екен, Пайғамбар құдай досы екен.....
Туған елім – тірегім! Н.Назарбаев Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз......