Курстық жұмыс: Экономика | ҚҰН ТЕОРИЯСЫ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ТАУАРЛАР ҚҰНЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЙҚЫНДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тасымалдауды маршруттауды ұйымдастыру

Тиелген вагон ағындарының тасымалын тиімді ұйымдастырудың маңызды тәсілінің бірі – жөнелтушілік маршруттау немесе тиеу орнынан маршруттау.
Маршрут дегеніміз – ТПЕ-сіне сәйкес бекітілген массасы және ұзындығы бар пойыз құрамы.
Тиеу орнынан маршруттау келесі белгілері бойынша топталынады:
- ұйымдастыру тәсілі бойынша:
• жөнелтушілік – бір станцияда немесе бір кірме жолда тиелген немесе құрастырылған бір немесе бірнеше жөнелтушінің пойыз құрамы;
• сатылы – бірнеше кірме жолдарда немесе бірнеше станцияларда тиелген вагон топтары, бір бекітілген ортақ станцияда жиналып, құрастырылған бірнеше жөнелтушілердің пойыз құрамы;
• шеңберлік – бір тиеу станциясы мен бір түсіру станциясы аралығында тұрақты жүк тасымалдап тұратын пойыз құрамы.
- тағайындалуы бойынша:
• тікелей – пойыздағы барлық вагондар бір қабылдау станциясы жеткізілетін пойыз құрамы;
• шашыратуға – пойыз құрамындағы вагондар бірнеше қабылдау станциясына тағайындалған пойыз құрамы. Тарқату мақсатында тағайындалған станцияларға ортақ жақындау станцияға тоқтап тарқатылады.
- тасымалдау қашықтығына байланысты:
• халықаралық – жөнелту станциясынан қабылдау станциясына жету үшін бірнеше елдің теміржолымен өтетін пойыз құрамы;
• ішкі – бір елдің теміржолы ішінде жүретін пойыз құрамы.
Пойыз салмағы мен ұзындығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы белгілейді, ал жол бөлімі ішінде жол бөлімі бастығы (НОД) бекітеді. Маршрут құрамында бір типті жүктер немесе бірнеше жүктің түсі болуына рұқсат теілген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Проблеманы анықтау 3-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
Сабақ мақсаты: жоба үшін проблеманы тұжырымдап, жобаның жоспарын жасау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Таусылғанмен азаматтың амалы)

Таусылғанмен азаматтың амалы,
Тіл таба ма санасыз бен саналы!
Бейбіт күннің өзі майдан деп едім,
Сол сөзімнен қайтқан жоқпын мен әлі.
Сондай тыныш мекендер мен қоныстар,
Қолыңда да қару-жарақ жоқ ұстар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ананың ұлын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атым қан жирен,
Қан жирен жүрер әр күймен.
Алды-артымды ойласам,
Әуе айналып, күн күйген.
Белеңге шығып қараймын,
Желге шашымды тараймын.
Келмеген соң жалғызым
Не болам деп ойлаймын,
Кереге бойын бойлаймын.
Әуеден ұшқан кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Жылады деп сөкпеңдер,
Жалғызымнан айрылып,
Мен отырмын өкініп.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Алладан мен тілегем жоқ,
Осылай болды тілегім.
Білезік салдым білекке,
Жеткізе ме деп тілекке.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Биоритмді анықтау программасы

1.Кiрiспе
Pascal программалау тiлiн Швейцария ғалымы Николас Вирт 1973 жылы жасаған және атақты француз физигі, математигі және әлемдегі бiрiншi (1641 ) (қосатын ) есептеуiш машинаның авторы болып табылған философ Блез Паскальдің (1623-1662 ) атымен атады. Тiл басында программалауға үйренудiң мақсаттары үшiн жасалды. Тiлдiң авторының сөздерi бойынша «... Паскаль тiлiнiң өңдеуi екi маңызды тұжырымдамаларға негiзделдi. Бiрiншiсi бұл табиғи тiл жүйелi түрде пәнге ашық, үйренуге ыңғайлы программалау тiлін ойлап шығаруда болды. Екiншiсі iргелi жағдайларға негiзделетiн қазiргi ЭЕМ-дерде қолдануға сенiмдi және тиiмдi болар едi. Блез Паскаль бұл тiлдiң нақты ұсыныстарының өңдеуiн ойлады. Вирттың пікірінше « студенттің оқитын тілі оның ойлау қабілетіне, ойлау әдiсiне және тапқырлыққа айтарлықтай ықпал етедi. қазiргi тiлдерде орын алған тәртiпсiздiк студенттердiң программалау стиліне тiкелей ықпал етедi.» Қазiргі уақытта Вирт өзінің алдына қойған мақсаттарына жетті деп сенiмдiлiкпен айтуға болады.
Паскаль тiлі программалауға үйренуде ең жақсы тiл болумен қатар, ол қазiргi ЖЭСМ-дерiне оңай iске асырылатын, жүйелiк программалауда қарапайым тiлiн қолдану ғана емес, қуатты тiлдердi жасауға арналған базасы болып табылады.
2.Жұмыстың тағайындалуы және оның қолдану аумағы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл

Мен Қазақстанда дүнеиеге келіп, тұрып келемін. Бұл менің Отаным, менің үйім. Адамның дүниеге келіп, өскен жері мәңгілікке әр адамның жүрегінде қалады. Ата-бабаларымыз бізге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.Ұлттық әндерді тыңдай отырып біз қазақ елінің кең-байтақ жазықтарын, биік шыңды асқар тауларды көз алдымызға елестетеміз. Еліміз қазіргі біздің уақытымыздағыдай болуы үшін ата-бабаларымыз үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Тарихымызға көз жүгіртсек, онда біз Қазақстанға тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл кеткенін байқаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қазақстан үлкен үлес қосты. Он мыңға жуық адам Отанымыздың бостандығы мен болашағы үшін күрескен. Соғыс жылдары Қазақстан майданға қару-жарақпен, азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қолдау көрсеткен. Осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Осы күннен бастап міне 25 жыл өтті. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті.
Қазақстанның жеке мемлекеттік рәміздері бар, бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар мемлекет тәуелсіздігін, бостандығын және ұлтын білдіреді. Қазақстан туы көк түсті – бұл бейбітшілік пен аман-саулықты білдіреді. Алтын күн – тыныштық пен байлықты білдіреді. Қалықтаған қыран – жомарттық, қырағылық пен ой биіктігін бейнелейді.
1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында осы уақытқа дейін қолданылатын еліміздің екінші Конституциясы қабылданды. Еліміздің әнұранның алғашқы мәтіні 1992 жылдың желтоқсан айында қабылданды. 2006 жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа әнұран мәтінінің авторлары – Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіздігіміздің тағы бір рәмізі пайда болды, бұл – ұлттық валюта. Қазақ халқының балалық шағынан бастап музыка өнеріне деген махаббаты ерекше етеді. Музыка – халық өмірі мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан әртүрлі бағытта дамып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық мәдениетпен бірге кәсіптік мәдениеттің басқа да салалары дамып келеді, бұл: балет, кино өнері, театр, бейнелеу өнер және басқалары. Осы мәдениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі болып қазақ операсы танылады.Қазақстанда жыл сайын «Жас қанат», «Азия дауысы» атты жас орындаушылар байқауы өткізіледі.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
Сабақ мақсаттары: • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сыртқы ерекшеліктері бойынша сипаттау;
• белгісіз ағзаны анықтау үшін алгоритм құрастыру;
• өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың көзге көрінетін өзіндік ерекшеліктерін қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кеден ісі | Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0