Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Бірлік мен Мұңлық Мәженқызы Райхан
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Аюалпаң Судысалпаң Таудыталпаң

Ертеде бір өзбек Алихан деген болған екен. Оның әйелі, жалғыз қызы бар екен. Баласы да қолындағы сол біреу-ақ, барлығы үшеу екен. Өзі кедей, жалғыз атымен қос айдап жүреді екен. Жаз болса, қыс болса сол жалғыз торы шолақ атының күшімен еңбек етіп, күн көріп жүріпті. Бір күні қос айдап жүрген Алиханның қарны ашып, үйіне келейін десе, алыс. Онан соң сол күні кеш түсісімен үйіне келіп, әйеліне мынаны айтады:

— Қатын, сен ертеңгісін мен қосқа жүрерде бір қап нанды, бір шанаш көже дайындап маған беріп жүрмесең, менің күндіз қоста жүріп қарным ашты. Үйге келейін десем, үй алыс болды, атты шығарып, атпен шауып келіп тамақтануға атымның өзі шаршап тұр ғой деп аядым. Өзіме қарап, атымды аядым, – деп әйеліне осыны айтады. Түнде әйелі күйеуінің айтқанын ұмытып кеткен екен, ертесіне баяғы еркегі кешегі менің тамақтарымды бер деп сұрағанда, әйелінің есіне сонда түседі де: «Мақұл, мен пісірейін де қыздан беріп жіберейін», – дейді әйелі. «Онда мейлі, қыздан көтертіп жіберсең жібер», – дейді күйеуі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қаратау қорығы

Кіріспе.
Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін.
Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз.
Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан Республиқасы Президентінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңыңда күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Құдайберген Сұлтанбаев Тәуекелұлы (1947 - 2010)

Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.
Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.
1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ауыздың уылуы

уыздың уылуы (молочница).



Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.



Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясы

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясының психологиялық сипаттамасы,
яғни оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті
қалыптастыруы болып табылады. Оқуды
бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі
үшін қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс
екендігі, толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз
оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз
(мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлуі, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алатау)

Алатау, басың бәтес, баурың торқа.
Туың ба, тұманың ба басың қалқа.
Бала едім баурында өскен суыңды ішіп,
Жерсітпес сен тұрғанда Сыр мен Арқа.
Сен неге мелшиесің күнге қарап,
Серуенге шықпайсың ба бойың тарап. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтақырыбы: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау
Оқу мақсаттары: О1.Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
Сабақ мақсаттары Әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы

Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері»деп айшықтап,меншіктеп атауымыздың мәні бар.Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, зерттеліп келеді.Шешендік сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнер саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады -деп Квинталиан айтқан екен.Шешендік өнер-адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі.Сондықтан шешендік өнериен оның тарихы адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.Көне дәуірде б.з.б Y-IY ғасырларда Грецияда басталып,Римде б.з.б бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскеншешендік өнерінің гүлдену кезендерінің тарихы әлемге әйгілі.Өйткені сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнер өркендеп қана қойған жоқ,шешендік өнер туралы ғылымның риториканың да негізі қаланды.Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені,саяси қайреткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып,жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Шешендік дәстүр,шешендік мектеп бізді бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек,артық айтқандық емес.

Халықтың өмірі,тарихы,елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегіненжыр-дастан,өлең-ән,ертегі-аңыз,күмбірлеген күй болып төгілді.Табиғатынан көзі ашық,көкірегі ояу,өзінің кең жазира даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп,ұрпақ санасына сіңістіріп,болашаққа мәңгілік өлмейтін мұра қалдырды.Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.....
Эсселер
Толық
0 0