Шығарма: Қазақстан - тәуелсіз ел

Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алтай таулы аймағы

Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік батыстан оңтүстік шыңыса қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасына арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Соянмен жалғасады. Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ қаңтар айының орташа температурасы тау аралық ойыстарда 27-30оС, тау етешктері мен жазық жерлерінде 13-16оС. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (27,6оС) Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20оС, ал 1000-1500 метр биіктікте ол 14-16оС-тан аспайды.Ең жоғарғы температура Зайсан қазан шұңқырында 40оС-қа дейін. Жер биіктігі артқан сайын, температура инверциясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды желге ашық жатқан батыс және солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200мм-ге жетеді. Кей жерлерде 2000мм. Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300мм.(Шұй даласында 100мм.), ал Зайсан қазан шұңқырында 150мм. шамасында.Жауын-шашын, көбінесе көктем мен күз айларында жауады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Кіріспе
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ұлттық құндылықтың бастау көзі



Тәуелсіздік таңы ұлтымыздың өлгенін тірілтіп, өткеніне өткір сәулесін түсірді. Нәтижесінде бұрын күңгірт бұлыңғыр, даулы-дамайлы болып келген қазақ халқының тарихы қайтадан қаралып, күні кеше кеңестік күл төбесіне сырылған хан, болыс, билер, ел қорғаны болған батырлар, жетімін жылатпай, кедей-кепшігін, тентек-телісін сыртқа теуіп тентіретпей, бауырына басып , бауырмалдық танытқан, тарыққанда пана, ашыққанда ас-су болған бай-бағыландар біртіндеп тарих сахнасындағы өздерінің халыққа сіңірген еңбектеріне сай орындарын ала бастады.

Құдайдың құлы, Пайғамбардың Үмбеті екендігіне халықтың көзін жеткізіп, сауатын ашқан дін иелері молда, ишан, имам, хазірет, әулие-әмбиелер атылып, айдалып құлатылған медресе, мешіттер айқара есігін ашты. Сол кездерде ораза ұстап, намаз оқуға тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан ораза ұстау, намаз оқу ада-күде тоқтаған жоқ еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Іздеу және сұрыптау алгоритімдері

Барлық әдістерді статикалық және динамикалық деп қарастыруға болады. Массивтен статикалық әдіспен іздеу кезінде оның мәндері өзгермейді. Массивтен динамикалық әдіспен іздеу кезінде оның өлшемі өзгеруі мүмкін, себебі ол қайтадан сұрыпталады. Біз көбінде статикалық әдісті қолданамыз, үйткені мәтіндік редактордағы сөздерді өзгерте алмаймыз, ал динамикалық тәсіл ойын құрғанда пайдаланылады.
Іздеу әдістерін сондай-ақ нақты кілттерді пайдаланатын және туындаушы кілттерді пайдаланатын деп екіге бөледі. Бұл жағдайда кілт деп өзіміз іздеп отырған сөзді айтады. Мәтіндік редакторға қолданылатын кілт – туындаушы болып табылады, себебі ізделінетін массив алдын-ала алфавит бойынша сұрыпталған. Бұл рет іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады.
Кейбір кітаптарда бұл әдіс «экстраполяция әдісі» деп аталады. Экстарполяция – берілген интервалдан тыс бірнәрсені анықтау әдісі, ал интерпояция – сол интервал аралығына анықтау әдісі. Сондықтан да «экстраполяция әдісі» деп атау қате, үйткені ізделінетін сөзді шекарадан тыс аумақта іздеу мүмкін емес.бұл әдісті сипаттамас бұрын сізге ағылшын тіліндегі «treasure» сөзінің аудармасы қажет болды дейік. Яғни сіздің алдыңызда тапсырма – осы сөзді сөздіктен іздеу. Біздің келесі іс-әркеттеріміз қандай да бір іздеу алгоритмін құрумен жалғасады. Ізделінетін сөзді алфавит бойынша сұрыпталған массивтен іздейміз, ал керекті сөз бізге белгілі. Оны тез арада тауып алуға болады. Енді осы іздеуге толығымен тоқталайық. Бізге керекті сөз «т» әрпінен басталады, яғни алфавиттің екінші бөлігінде, немесе біз ол қандай орында тұрғанында шамамен есептеп ала аламыз. Яғни қанша дым жасауға болатынын анықтап аламыз. Егер ізделінетін массив үлкен болса осы әдіс арқылы оның шекрасын көрсетіп, тек осы аралықты ғана іздеуге болады. Ол үшін келесідей ек теңдік аламыз:
T1=M*N;
T2=2M*Log(2)N+N*Log(2)N;
N – массивтегі элементтердің саны.
M – рет іздеуге болады.
Тура ауытырудың алгоритмі жасайтын операция саны M*N-ге тең. Ал сұрыптауға кететін уақыт N*Log(2)N-ге тең, оған тағы 2M*Log(2)N дихотомия әдісін қосамыз. T1=T2 кезінде екі алгоритм де тиімді шекарада боламыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтіндік ақпараттарды кодтау принциптері (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік ақпараттарды кодтау принциптері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Unicode және ASCII таңба кодтау кестелерін салыстыру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Реферат: Химия | Металдың әртүрлі иондарын анықтауда кешенді қосылыстарды пайдаланып қышқылдық-негіздік титрлеуді қолданудың мүмкіндіктерін оқыту

Барлық химиялық элементтердің 4/5 – нен көбі металдар.Элементтердің сырқы белгілерімен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. ондай жеке кездесетін түрін сап металл дейді.ол- платина, алтын, күміс және мыс қалайы, сынап сияқты металдар. Соңғы үш метал, көбіне қосылыс түрінде болады. металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары түрлі минералдар түрінде болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау «Құрметті есім» Өтепберген Ақыпбеков (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы:Шығарманың композициясын анықтау «Құрметті есім» Өтепберген Ақыпбеков
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құра алады;
Көптеген оқушылар: өлеңді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құруда шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;
Кейбір оқушылар: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0