Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1 (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1 Сөздік қорды толықтыру
2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды.
Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің денем – идеяларды есте сақтау №1 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Менің денем – идеяларды есте сақтау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1 Зейін қойып тыңдау
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, дұрыс қабылдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлемде қолдана алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша тауар өндірісі

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Егемен ел тірегі-тәуелсіздік!

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтанбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н.Ә.Назарбаев
Туған жерім, ардақты мекенім, Қазақстаным! Осынау шексіз қиыры жоқ ұлан- байтақ далаң, шалқар көлдерің мен көк майса әсем табиғатың кімге өмір, бақыт, махаббат сыйламады десеңші... Саған қанша үңілсем де, әлі күнге сырыңды ұғына алмай келем. Сенің далаңда өзімді бақытты сезініп, Отанымның ұланы болғаныма қуанамын. Отанның ыстық ықыласы деген осы шығар... Қазақ даласына қарасаң, көзің жетпейді, кереметтей сәулетіне, жасыл-желекке оранған әсем табиғатына қарасаң көзің тоймайды, ерекше бір сезім сені жетелеп, өзіне ынтықтыра түседі. Тереңге бойлаған сан ғасырлық тарихына көз жүгіртсем, ел тарихы егемен елді әлі де алға жетелеп келеді, тарих беттеріндегі небір оқиғалар елдің жігерін жанып, алдағы күндерін айқындайды. Халқымыз тарихын сараптау арқылы тағылымды жақтарын серік ете отырып, елдің даму жолына мақсаттар қояды, болашаққа жоспарлар даярлайды. Ал елімізді осындай күнге жеткізген не, қандай күш? Бұлтәуелсіздік, азаттықтың сара жолын салудағы талпыныс, қайыспас қайсар күш. Кемелді Қазақстанның толағай табыстарының бірі- оның тәуелсіздігі.Тәуелсіздік! Дархан даламның толассыз табыстары осы ұғыммен ұштасып жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген қазақтың көңіліндей кең-байтақ жер – менің туған өлкем, қазақ жері. Атыраудан Алтайға дейінгі, Есіл мен Алатауға дейінгі шексіз жерді аталарымыз қызғыштай қорғап, бізге тарту еткен үлкен сый. Келер ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен еді. Туған жер туралы ойларымыз дәлелді болуы үшін Елбасымыздың сөзінен мысал келтіре кетейін: «Құдай қазаққа қырын қаратпаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай тарландарының, ержүрек, ел бірлігін ойлаған би - шешендерінің бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан Елбасымыздың нұрлы шапағатына» дейін ұласып отырғаны айғақ. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыныштық бермей, бейбіт елге көз алартқан жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен жерін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары тәрізді хандардың ел үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі таңда ұрпақтары ұран қылып, мақтан етеміз. Иә, айта берсе кім менің байтақ далама көңілі ауып қызықпады десеңізші?! Сол қиын-қыстау кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеген Абылай сияқты хандарымыз батырларын, елін сүйген ерлерін, қарапайым халықын достық, бірлікте ұстаған. Жағадан алған жауды тарыдай шашып, қоқаңдап қыр көрсеткен Қохан хандығымен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқаны бабамыздың даналығының арқасында. Сол бабаларымыздың сары майдай сақтап қалдырған асыл мұрасы, өмір сүріп отырған аяулы Отанымыз – Қазақстан....
Шығармалар
Толық
0 0

Директор сөзі (соңғы қоңырау 25 мамырға арналған құттықтау сөздері)

Қымбатты түлектер!
Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар!


Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.
Құрметті түлектер!
Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.
Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу...
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын эксперименталды зерттеу

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0