Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау «Өнердің күші» ертегі (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шығарманың композициясын анықтау «Өнердің күші» ертегі
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау
Көптеген оқушылар: кейіпкер іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.
Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Тау-кен өндірісі технологиялары үшін SCADA пакеттерін әзірлеу

Кіріспe
Қaзіргі ХХІ ғaсырдa мeмeлeкeттің экoнoмикaсын көтeрудe тaу-кeн
өндірісінің aлaтын oрыны eрeкшe. Aл біздің мeмлeкeтіміздe дa тaу-кeн
өндірісі oсы күнгe дeйін қaрқынды дaмып кeлудe.Қaзaқстaн дaмығaн 50 eлдің
қaтaрынa қіру жәнe бәсeкeгe қaбылeтті бoлу үшіндe біз oсы өнeркәсіп сaлaсын
бaрыншa тeз жәнe жoғaры дeңгeйгe көтeріуміз тиіс. Қaзіргі уaқыт
тeхнoлoгиялaры өтe жoғaры дeңгeйдe дaмығaн зaмaн,oсы кeзeңдe тaу-кeн
өндірісідe зaмaн тaлaбынa сaй дaмып кeлe жaтыр сoнымeн қaтaр кeн
өндірісінің жұмысытaрыдa нeдәур жeңілдeді.
Қaзaқстaндa тaу-кeн өндіріс сaлaсындa 164,5 мың a дaм жұмысп eн
қ a мтылғaн. Eліміздe с oнымe н қ a тaр хр oм к e ні әлeм қo рының 30 %-ы,мaрг a нe ц
к e ні -25%-ы,тe мір кeні -10%- ы құр aйды. Мыс,қoрғ a сын жән e мырышдың үл e сі
әлe мдік қ oрдың 10 % жән e 13%-ын құр aйды . Бүгінд e Қa зa қст a н т a у- к eн
мe тa ллургия к e шe ні шикіз a т экспo ртынa жәнe бa стaпқы мe тa лд aр өндірісін e
қ a тты н a зaр a уд a рылғ a н .
Мeннің жұмысымның тaқырыбы «Тaу-кeн өндірісі тeхнoлoгиялaры
үшін SCADA пәкeттeрін әзірлeу» бoлғaндықтaн SCADA турaлы aқпaрaт.
SCADA тұжырымдaмaсы (Supervisiory Control Amd Data Acquisition –
диспeтчeрлік бaсқaру жәнe дeрeктeр жиыны) бaсқaру жүйeсімeн жәнe
ғылыми-тeхникaлық өрлeу жaуaптaрымeн aлдын-aлa бaрлық жүрісімeн
aйқындaлғaн. SCADA тeхнoлoгиясын қoлдaну бaсқaру жүйeсін құру
тaпсырмaлaрды шeшудe, жиынтықтa, өңдeудe, жібeрудe, сaқтaу жәнe
aқпaрaтты бeйнeлeудe жoғaры дeңгeйлі aвтoмaттaндыруды қoл жeткізугe
мүмкіндік бeрeді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Жарқырады Маңқыстаудың оттары


Күзге қарай Маңқыстау табиғаты күрт өзгерді. Күн әдеттен тыс суыта түсті. Далалықтан соққан суық жел кейде бет қаратпайтын болды. Түрікмения, Азербайжан сияқты жылы жақтан келгендер бұл түбектің қатал табиғатына көпке дейін көндіге алмай жүрді. Суыққа шыдау қиын болды. Бізге бәрінен қиыны парафинді мұнайлық ағуы еді.

Июль айында, тамылжыған шілденің ыстығында жіберілген мұнай бастапқы қарсаңында көп сыр бере қойған жоқ. Жедел ағып жатты. Қоюланған майды насоспен кідіріссіз айдап келдік. Бірқатар ұсақ-түйек қиындықтар жүре түзеліп кеткен. Алайда, алғашқы салқын түсісімен үш-бес шақырым қашықтықтағы скважиналар өз өнімін топтық қондырғыға жеткізе алмай «қақала» бастады. Олардың бойындағы қатып жатқан парафинді мұнайлы агрегатпен айдап, жылжымалы бу қондырғылар арқылы жібітіп отыратын күйге түстік. Бірақ бұл амалымыз да ұзаққа бармады. Бір жерден жібітіп жіберсең екінші жерден қатады. Күн суыған сайын құбырлардағы мұнай түгелдей қатып, өнім беру тоқтап қалуға айналды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау

Кіріспе
Экономиканы басқарудың реформасы материалды ресурстармен қамтамасыз етуді тереңірек қарастыруды талап етеді. Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндірістік қорларды азайтуға, шаруашылық айналымға қалдық шикізаттарды кіргізу, жабдықтаушылар мен өндірушілердің арасындағы қатынастарды жақсартуға негізделген.
Барлық табиғи ресурстарымыз- еңбек, негізгі қорлар, отын мен шикізаттар- орасан зор байлық. Алайда ресурстарды дұрыс игере алмағандықтан, оларды тиімді және ұтымды пайдаланбау нәтижесінде көптеген елдердің кедей елдердің қатарынан шыға алмағандығы өмір көрсетіп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдаланудың даму старатегиясын немесе оларды іске үшін, келесі іс-шараларды атқару қажет:
1. Материалды ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану;
2. Материал сыйымдылығы мен өндірістік қорлар деңгейін төмендету;
3. Материалдардың айналымдылығын жеделдету; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Зейнеп Таңжарқызы | Маңғыстау киелі түбек

Маңғыстау- киелі түбек, тұнып тұрған тарих .Киелі түбектің киесі неде, алыстан ем іздеп келушілер әулие Бекеті пір тұтады, ол қайдан келген қасиет, төңірегі тола жазу даланың қандай адуынды дастан жырлары бар, құндылығы рухани жаңғыртылып жүрме? Бұл сансыз сауалдардың жауабын жіпке тізгендей жеткізейін мен.

Өлкеміздің ғұлама жазушысы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Маңғыстау - ашық аспан астындағы ашық мұражай сандығы.Өйткені, өлкеге табан тіреген әрбір жолаушының жолдасы әуелі Алла кейін, Пір Бекет рухы әулиелер қолдаған қасиетті мекен.Әйтсе де, қадір-қасиетін ешкім дөп басып айта алмайды.Анығы Бекет атаның ислам дінін тарату мақсатында Мекке-Мединеден шығып, Маңғыстау жерінде мәңгілік қалып қойған деген аңыз бар.360 әулиенің қандай керемет жасағаны жөнінде де нақты дерек жоқ.Әйтеуір,аңызақ желі шипасын беріп, қапырық даласы дертіне дауа болған. Сол арқылы кісілер рухани дүниесіне азық алады,құлағының құрышы жыраулар үнімен көмкеріледі.Көзін көргендер кіші жүз руы Адайдың ұраны да Бекет деседі. Адай десе көпшілігі үрке қарайтын халық,әлі күнге дейін, Маңғыстауды қаһарлы мінезімен қабылдайды.Міне, біздегі мінездік қасиет қайсарлығымен мықты.Нәтижесінде, елмен елді татулыққа біріктіріп,экономика бастауы болған Ұлы жібек жолы да осында жатыр.Діни, ғимараттар мен қырдағы Пір Бекет, ойдағы Саназар бастаған 360 әулиенің қасиеті де елге аян.Оларға өзге өңірлерден келіп табынушылар көп.Маңғазды елдің қасиеті де осында.Сонысымен құнды да құтты мекен!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Батыс Тянь-Шань тауларының қысқаша физикалык-географиялқ сипаттамасы

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы — Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер.
Өзендердің морфологиялык; құрылысы әртүрлі. Оның негізгі сипаты аңғарларымен көрінеді.
«Өзен аңғары дегеніміз» - С.А.Қүсайыновтың айтуы бойынша жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін рельеф пішіні.
Олардың түрлері төмендегідей: саңылау және V әрпі тэрізді болып келеді. Олардың табанының ені арнасының енімен сәйкес болады, 3-4 метр кейде таулы жайылма қосылып 10-12 метрге жетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырып
Сабақ тақырыбы: 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді. Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Сараптау жүйелері

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық
0 0