Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымы

Кіріспе.
Мәселенің өзектілігі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.1.1 Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Сабақтың мақсаты: - Барлық оқушылар: әр түрлі ағзаларды анықтағанда бинарлы номенклатура қолдана алады;
- Оқушылардың көпшілігі: жануар мен өсімдік түрлерді анықтауда ерекшеліктері ескереді түрлерді анықтай алады;
- Кейбір оқушылар: анықтағыш арқылы өсімдік түрлерін ажыратады, туыс пен түр атауынан тұратын атаудың бинарлық жүйесін көрсетеді;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді түсіндіре білу, басқада топ мүшелерімен зерттеуді талқылау, салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру, топпен жұмыс істей білу, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірін тыңдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым (3 сынып, III тоқсан)

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын біледі, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді табады, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)

Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау.
«Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып,
Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды,
Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау.
Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле Алатау МҰТП інің Талғар филлиалының табиғи климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды.
Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық .
Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласының болашағы бар ма

Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0