Реферат: Биология | Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі



Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.



Көрсеткіші: балада қантты диабеттің анықталуы.



Кері көрсеткіші: жоқ



Керекті құралдар:



· Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.



· Сүзгіш қағаз. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі

Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
Айналайын, Құдайым!
Оң жақтан неге қозғадың?
Шақырайын шаяндай,
Бар дауысыммен аянбай.
Қосыла түсіп айрылдым,
Қожіке мен Баяндай.
Жасымнан мені зарлаттың,
Құдіреті ұлық бір Алла-ай.
Құдай қосқан жолдасым,
Түсірдің мені қиялға-ай.
Жолдасым еске түскенде,
Отырмын жерден тұра алмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу.
Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау.
Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша анықтау.
- Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика граматикалық тобын айқындау;
- Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын сөздерді нақтылау.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заң | Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Отандық білім беру жүйесін реформалаудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері болатын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында оқу-тәрбие процесінің сапасына, оның соңғы нәтижелеріне жаңа, күрделі талаптар қойылған. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатының байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы қатарға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісміллә еді сөз басым,
Айтсам бір келер көз жасым.
Кетіпті-ау әкем келмеске,
Иманың болсын жолдасың!
Бір пайғамбар Нүсіп-ті,
Басынан сұңқар ұшыпты.
Кеше де жүрген әкешім,
Қара жерге түсіпті.
Имансыз ауыз ашпаған,
Дәретсіз жерді баспаған.
Иманды болғыр әкем-ай!
Артына бізді тастаған.
Әкем келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де.
Әкемдей, шіркін, жан тумас,
Алтын мен күміс ексем де!
Мұңы бар адам жылап тұр,
Мұңы жоқ адам сынап тұр.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Механорецепторлардың түрлері. Панини денешігі негізінде механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақтың тақырыбы: Механорецепторлардың түрлері. Панини денешігі негізінде механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау
Сабақтың мақсаты : -механорецепторлардың түрлерін сипаттайды;
-механорецепторлардың тіркенгішке реакциясын сипаттайды;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Рефераттар
Толық
0 0