КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары,
денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан,
мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....