Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит .....
Кіріспе Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басуда. Оқу жоспары мен бағдарламаларда анықталған мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білі мазмұны, оның басым бағыттары мен оқыту мүмкіндіктеріне сай оқыту мұғалімнен жоғары кәсіби дайындықты, шығармашылық ізденісті талап етеді. Ұлы данышпан Аристотель кез келген әрекеттің жемісі ек ішартқа байланысты екендігін дәлелдеген. - соңғы мақсаттың (нәтиже) дұрыс қойылуы; - сол мақсатқа жету үшін мәтіндер мен құралдарды дұрыс пайдалану. Оқушының жеке басын жан-жақты дамыту іс әрекет пен оқыту үрдісінде ғана іске асады. Жалпыға мәлім баланың жекеи басын дамыту барлық әлеуметтік әрекеттердің (ойын, оқу, еңбек, танымдық коммуникативтік) үйлесуі арқылы болады. Сондай-ақ жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында жеткіншек ұрпаққа ғылымның мнегізгі негіздерінен терең де тиянақты білім беру керектігіне баса назар аударылды. Сондықтан бүгінгі таңдағы «оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен жұмыс істеуге белсендірек тартуға, олардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыруына көмектесуге тиіс.»....
КІРІСПЕ Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген . Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді . 1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды . Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим / 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған . Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды . Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған . Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған.....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады. Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: ─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу; ─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау; ─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді. ─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді. Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет. Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар. Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар. Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді. DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім» Сабақ тақырыбы: Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін Оқу мақсаттары: 2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу 2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбын анықтай алады; Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқи алады; Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады......
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру Сабақ мақсаттары: Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер). 2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз. 3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. 4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген. 5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі. Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық, таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді. Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды. ....