Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

Кіріспе
Туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелер егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс болды. Білім беру мектеп өміріндегі жаңалықтар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы да ең алдымен демократияландыруды көздейді. Мектепті демократияландыру деген оның қоғамдық қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс, талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)

Қыз Жібектің соңғы сөзі
Қайран дүние, кең едің маған,
сен неге бүгін тар болдың?
Қасірет шегіп, кешегі мөлдір күлкіме де мен
зар болдым.
Аңсаумен жүрген асқар тауым менің құлады,
құрғады мәңгі сылдырап аққан бұлағы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУ

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863 – 64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және Жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 ж. 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 ж. 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 ж. әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Мектепке дейінгі балалардың ес түрлері-нің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог-практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетін дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасауымыз қажет.
Мектепке дейінгі балалар –балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік дярлығына ең қолайлы (сензитивті) кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы дегеніміз –олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Мектепке дейінгі баланың есте сақтауында және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі зеңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дүниежүзі тарихы [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мазмұны

І ТОҚСАН
Бөлім: «Өркениет: даму ерекшеліктері»

ІІ ТОҚСАН
Бөлім: «Этникалық және әлеуметтік процестер»

ІІІ ТОҚСАН
Бөлім: «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»

ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім: «Мәдениеттің дамуы»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дене шынықтыру (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
1-бөлім «Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту»
2-бөлім «Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар»

2-тоқсан
3-бөлім «Гимнастика арқылы денені дамыту»
4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары»

3-тоқсан
5-бөлім «Денеге түсетін күш пен денсаулық»
6-бөлім «Қозғалыс ойындардың әралуандығы»

4-тоқсан
7-бөлім «Топтық ойындар арқылы әлеметтік дағдылар»
8-бөлім «Денсаулық және дене белсенділігі»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.1 құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды
8.3.3.2 құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді (қазақстандық компонент негізінде)
Сабақ мақсаттары: А) Құрлық суларының типтерін біледі,
Құрлық суларының негізгі түрлерін біледі
• Құрлық суларының ерекшеліктерін біледі
• Дүние жүзінің құрлық суларының түрлерін анықтайды
Картадағы өзендердің, мұздықтардың және жер асты суларының орналасуын біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].
Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.
З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық [55].
Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дене шынықтыру (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дене шынықтыру» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып

Мазмұны

1-ТОҚСАН
1-бөлім Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
2-бөлім Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс

2-ТОҚСАН
3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары
4-бөлім Қазақтың ұлттық және халық ойындары

3-ТОҚСАН
5-бөлім «Шаңғы / кросс/коньки дайындығы»
6-бөлім «Команда құру ойындары»

4-ТОҚСАН
7-бөлім «Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс әрекеттерде шешу»
8-бөлім «Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары

✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.

✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.

✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0