Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Тілеумағанбет Абыл ақынмен әрі ағайын, әрі қадірлес адам екен. Тілеумағанбет өліп, соған там тұрғызып жатырған кезде Абыл келеді. Ескерткіш біткесін, дұға оқып, қимас ағайынымен қайғыра қоштасыпты: Жарылар – сегіз арыс .....
І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері. 1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні. Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.....
Бұл диетада тәтті де, майлы тамақ та рұқсат етіледі. Және түнде де тамақ жеуге болады. Бірақ, салмақ тастайсыз. Сенбесеңіз, «ұстап», сынап көріңіз!
Артық салмақ – мөлшерден көп жегеннен пайда болады. Демек, егер салмақ тастағыңыз келсе, күнделікті қабылдайтын тағам мөлшерін кемітуіңіз керек. Нақтырақ айтқанда, калорияны 1000 ккал-дан кемітсеңіз болғаны. Әрине, калорияны есептеп отыруға ешкімнің уақыты, шыдамы жете бермес. Осыны ескеріп, диетолог мамандар сіздер үшін есептеп, ең оңай жолын тауып та қойған. Ол үшін сізге арнайы таразы алудың қажеті жоқ. Ас қасық таразының рөлін атқарады. ......
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады. Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс. ....
І. Кіріспе Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз". Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді. 1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақтың тақырыбы: Хат жазу. Тасымал Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж4 Өз ойынан мәтін жазу Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау Сабақтың мақсаттары: 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген "Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)" атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше. Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау. Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді. Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.....
Кіріспе Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары: - қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы; - Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы; - Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы; - Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы; - Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы; - Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы; - Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;....