Қалыптастырушы бағалау (ФО): Информатика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Информатика
9-сынып

Мазмұны

1- тоқсан
«Ақпаратпен жұмыс жасау» бөлімі
Тақырыбы: Құжаттармен бірлескен жұмыс
«Компьютер таңдаймыз» бөлімі
Тақырыбы: Программалық қамтамасыз етуді таңдау
Тақырыбы «Компьютер құнын есептеу»

2 токсан
«Деректер қоры» бөлімі
Тақырыбы «Деректер қоры»
Тақырыбы «Электрондық кестеде деректер қорын құру»
Тақырыбы «Ақпаратты іздеу әдістері»
Тақырыбы «Деректерді сұрыптау және сүзгілеу»

3 тоқсан
«Python (пайтон) программалау тілінде алгоритмдерді программалау» бөлімі

4 тоқсан
«Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру» бөлімі
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Есіл өзені бассейнінде су тасқынының

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат – судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады.
Су қорғау аймағы өзен, көл, су қойма және тағы басқа жер беті су көздер акваториясына қосылатын ауданға арнайы шаруашылық режим немесе басқа қызмет түрлері белгіленеді. Соған байланысты су қорғау аймағы бөлінеді. Ені 20-ден кем емес бұл аймақ су нысанына және су шаруашылық құралымына шектеулі шаруашылық қызмет режимі орнатылады.
Су қорғау аумағындағы арнайы режимді сақтау табиғатты қорғау кешенінің құрама бөлігі су нысанының және жағалық аймағының абаттану жағдайы гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық және экологиялық шараларын жақсартады. Сонымен қатар су қорғау аймағы және жолақтары Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 19.03.04 ж. №451 шараларының бірі «республика аумағындағы апат жағдайларынын алдын алу шаралары» су қорғау аймақтарында нысандар тұрғызуға тыйым салу салалары [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 1 сабақ Негізгі зат есім және туынды зат есім Күй атасы (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-туынды сын есімдер жасай алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Иманды болғыр, атекем!
Аузымнан қайтып тастайын.
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Әкешім өтіп дүниеден
Басыма түсті қиын іс.
Бір пайғамбар Жақия,
Ноқалап тіккен тақия.
Әкешім өтті дүниеден,
Айрылып қалдым қапияда.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы бетке жағылар.
Айналайын, әкешім!
Іздесем қайдан табылар.
Тауға мұнар түсіп тұр,
Тау жемісі пісіп тұр.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді
Сабақ мақсаттары: Жер бедері түрлерін ажырата алады. Жер бедерінің қалыптасуын түсіндіре отырып, болжам жасай алады.
Картаны қолдана отырып жер бедерінің түрлерін сипаттайды. Берілген карталармен жұмыс жасап,жер бедерінің негізгі түрлерінің таралу заңдылықтарын біледі. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0