Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.1 -құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды 8.3.3.2 құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді (қазақстандық компонент негізінде) Сабақ мақсаттары: Оқушылар істей алады: • Оқушылар құрлық суларының шығу тегін біледі. құрлық суларының шаруашылық маңыздылығына зерттеу жұмысын жүргізе алады....
Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.....
Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.......