Сабақ жоспары (ұмж): Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы Қарақұм мен Ордабасы құрылтайлардың рөлін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: бір ортаны мекендейтін жануарлардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін түсінеді. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Сиқырлы тас

Баяғы өткен жақсы заманда бір үлкен бай болған екен, сол байдың жалғыз баласы болыпты. Жалғыз баласының жасы толған соң, бай «баламның қызығын көремін»,—деп жыл сайын жанындағы жәрмеңкеге жібереді екен, саудаға бір мың теңге ақша беріп, һәм сауданың жөнін білмейтұғын баласы сол жолы әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты. Өз үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін есітіп, «балам не нәрсе сатып алып қайтты»,—деп қуаныш көріп, баласына келіп амандасып болған соң сұрайды: «Әй, қарағым, сен не сатып алып қайттың берген ақшама?»—деп. Баласы жауап береді: «Әке, мен бір түрлі хайуан сатып алдым, өзінің өнері сол: бұл жер үстіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайтын мысық деген»,—деп. Бай баласының бұл сөзіне ешбір жауап айтпай, үйіне қайтты дейді.

Келер жылы сол уақытта тағы да баласының қызығын көрмекке, саудаға екі мың теңге ақша беріп, базарға жібереді. Бұл жолы баласы базардан екі мың теңгеге бір бүркіт сатып алыпты. Үйіне қайтып келген соң, тағы да әкесіне айтады: «Әй, әке, бұл жолы мен бір түрлі құс сатып алдым. Сол құсым көктегі құстан құс қалдырмаса керек, бәрін қырып жойып бітіреді»,—дейді. Әкесі бұл сөзіне де еш жауап қайтармапты. Келер жылы тағы да сол уақытта үш мың теңге беріп, тағы да базарға жібереді. Бұл жолы баласы бір тазы ит сатып алып қайтты. Үйіне келіп, әкесіне мақтаныш қылып, айтады: «Ата, мен бұл жолы бір тазы ит сатып алып қайттым, оның өнері сол: жер үстіндегі қояннан, түлкіден, қасқырдан түк тастамайды»,—деп. Атасы еш жауап айтпай қойыпты. Төртінші жылы төрт мың теңге ақша беріп, бай баласын тағы да базарға жіберіпті. Баласы бұл жолы бір үлкен сандық сатып алыпты, ішінде не бар-жоғын білмей, кілтіменен. Сатқан кісі бұған айтыпты: «Бұл сандықты ашпай, бір керек бек қиын уақытта ашыңыз, егерде жай уақытта ашсаңыз, өзіңізге зиян келтіреді»,—деп.....
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жыры- асқақтасын жаңғырып!

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк» Бауыржан Момышұлы.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын, асты қайғы – қасіретке толы қаралы сөз. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.3.4 сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалына әсерін зерттеу
Сабақ мақсаты: • Флоэмаға факторлардың әсер ететінін білу
• Флоэмадағы зат тасымалын сипаттау
• Фломаға әсер ететін әр түрлі факторларды зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы

Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.

Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.....
Баталар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кесінді ортасының координатасы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кесінді ортасының координатасы
Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қорытып шығара алады;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қолдана алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: «Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тіл - елдігіміздің іргетасы

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:

«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Шығармалар
Толық
0 0