Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Қазақстан. Отаным. Мен үшін ең биік тұратын тұғырлы, бірлігі жарасқан ел. Қаншама қиыншылық көріп, тәуелсіздігімізден айырылған күнде де, жасымады, намысын қайрап, алға жүрді . Тәуелсіздігіміздің жолында көп нәрсе құрбан болды. Бірақ, бұл есіл еңбек құр кетпеді. Қазіргі күнде бірлігі жарасқан, тәуелсіз, алға қарай қаз-қаз қадам болып келе жатқан елміз.
Мен өз елімді мақтан тұтамын . Біздің болашағымыз әлі алда деп ойлаймын. Әлі де болса көп туымыз желбіреп, елтаңбамыз төрден орын тауып, ал әнұранымыз биіктерде шырқалып, еліміз дами берер деп ойлаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Отаным – алтын бесігім

Сабақтың мақсаты: балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақты өткізу формасы: Викторина

Сабақ барысы:
Музыка әуенімен балалар бірінен соң бірі залға кіреді.
Жүргізуші:
Елім менің тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өлместей боп.
Көк байрағын төбеме көтерген күн.
Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным!

Менің Отаным - Қазақстан! Сонау Каспий теңізі мен Алтай тауларын алып жатқан атырапты қаншама адам өлең - жырларына қосқан. Кіндік қаным тамған туған жерім қасиетті әрі жұмбақ өлкелерге толы. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тарихқа бай. Сонымен қатар, біз білмейтін құпия да жетерлік. Биыл жаз айларында Шығысымның көрікті....
Шығармалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің отаным – Қазақстан

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0