Әңгіме: Қабылданған дұрыс шешімдерім менің өмірлік ұстанымым

Менің өмірлік ұстанымым-шәкіртіме шынайы білім мен тәрбие беретін ұстаздық мамандық. Бұл мамандық менің мойныма тағылған қасиетті тұмарым.

Шәкірт атаулыны өз жанына серік еткен маман иесін яғни, ұстаздарды былайғы жұрт қоғамдық ойдың көшбасшысы деп қабылдайтыны сөзсіз. Иә, шәкіртінің жүрегіне білім мен тәрбиенің ұясын сала білген қарлығаштардың қоғамдағы рөлі де өзгеше. Жұрт «шәкірттің санасына білім мен тәрбиенің шамын жағып, қараңғылықта жарық сәуле беруші күн» деп құрмет тұтатын оларды жақсылыққа жақ болып, жамандыққа қас болатын, әділдіктің туын көтеретін және сол жолда ұшқыр ойы, патриот мінезін қасқайып тұратын белсенді топқа қосып, оны өзінше қадір тұтады. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білімді де тәрбиелі ұрпақты өсіру өзінің жүріс-тұрысымен , әдепті де сыпайы мінезімен ,сауатты сабағымен шеберлік таныту таудай талапты қажет етеді.

Менің өмірлік ұстанымым – таудай талапты қажет ететін мамандық , ұстаздық мамандық және осы мамандық бойынша шәкірт жүрегінен орын тауып тәрбие мен білімнің дәнін егіп көгерген жасыл ағашқа айналдыру,жақсы адам болып шығуға тәрбиелеу, өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерімнің ең бастысы болып табылады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шығыс Қазақстан облысының танымал тұлғалары

Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды.
( Шыңғыс Айтматов)
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше.
М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп .....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Оқушылардың танымдық - шығармашылық белсенділігін арттыру

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды
қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру
моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі
қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей
түсуіне себеп.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіз - Қазақстаным

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Отаным –Қазақ елі

«Отан! Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем!»
М. Мақатаев
Қазақ... Бұл халық –әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –бауырмашылдығында, бейбіт өмірге құштарлығында, сабырлылығында және даналығында.
сочинений среди школьников на патриотическую тему – 2014 г. Южно-Казахстанская область
Қазақ –сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен , ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ , ғажайып өлке– бұл Қазақ елі.
Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жазираларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде мен тамсанамын.......
Шығармалар
Толық
0 0