Ағзаны сумен тазарту және сауықтыру

Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді.
Бірақ адамдар судың емдік функциясы жайлы біле бермейді. Ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрімектердің күшімен бірдей болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Тортай шалдың есегі

«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:

— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша, неге мылқау қылып жаратпадың?! — деп жылаған көрінеді.

* * *

Шілденің ыстығына соғыстың от-жалынының қызуы қосыла ма екен, әйтеуір сол жаз қазан қайнатар ыстық болды.

Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді. Сондықтан да аузын орамалмен таңып жүреді.

Тортай шал молотилканың тойымсыз өңешіне бидайды бау-бауымен лақтырады. Қарамай иісі аралас шаң-тозаң қарт кісінің қасы-көзін, аузы-мұрнын тұтып қалады.

Аузы-мұрнын танып алған ақ орамалды лезде тозаң тұтып, кіршең тартады.

Тортай шал бүгін Көк әңгіні қырманға өзі мініп кетіп еді. Дүниеде өзінің малы өзіне бұйырмағаны жанға қатты батады екен.

Көк әңгі, арам да болса, Тортайдың өз малы ғой. Сол есек мына егін орағы басталғалы бері иесінің тақымына тимейтін болды.

Ал ауыл мен қырманның арасы едәуір алыс жер. Қарт кісі жаяу жеткенше, кәдімгідей ентігіп қалады. Қисықбас бригатқа:

— Айналып кетейін Арқанбай-ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауында жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау, – деп еді.

Қисық бас Арқанбай пұшық маңқылдап ала жөнелді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Экстрациялык фосфор кышкылын тазалау

Кіріспе
Қазақстан Республикасының барлық дерлік облыстарында бейорганикалық заттар өндіретін үлкенді – кішілі зауыттар жеткілікті. Олардың барлығы да қазіргі кезде қайта құрылып, нарық жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.
Химия өнеркәсібі және оның өнімдері адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылуда. Олардың қатарына ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар жатады. Тыңайтқыштар өсімдіктермен жақсы сіңірілуі арқасында өсуіне және өнімнің артуын жақсартады.
Қазақстан Республикасының экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту үшін өте тиімді, экологиялық таза жан-жақты зерттелген инновациялық жаңа технологияларды өнеркәсіпке енгізу қажет. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың көптеген түрлерін шығару арқылы өнімділікті арттыруға болады. Ондай минералды тыңайтқыштарға суперфосфат, аммоний фосфаты, күрделі тыңайтқыштар, гумусты тыңайтқыштар, аммофос, диаммофос, нитрофос, нитроаммофоска т.б. жатады.
Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшенеді. Сіңірімділік тыңайтқыштардың құрамындағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен қатар, аммоний цитраты және екі пайыздық лимон қышқылы ерітінділерінде ерігіштіктерімен өлшенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Нөсер


Самолет таңғы бесте ұшады. Аэропортқа самолет ұшардан бір сағат бұрын жету керек. Ереже солай. Бұл үшін түнгі үште ұйқыдан тұрып, жолға шықпаса болмайды. Түнгі үште аэропортқа экспрестен басқа көлік жүрмейді. Экспрестен қалып қоймау керек.

Ақиқат түнде төсекке жатар алдында осыны қайта-қайта ойлап еді. Сондықтан шығар, оның ұйқысы мазасыз болды. Түрлі-түрлі түстер көрді. Ол Күншуақ қаласы мен Боранды станциясының арасында жүретін жолаушылар пойызының ревизорынан жас күнінде жаман қорқушы еді. Каникулға шығып, жүрегі алып-ұшып, көптен сағынған үйіне асығып бара жатқанда, билетсіз Ақиқатты тікірейген жез мұртты, дөп-дөңгелек сары көзді, қалың қабақ ревизор бұра бастырмай, тамбурда тұрған жерінен ұстап алып, қатты қысушы еді-ау.

Міне, мына түнде сол жез мұртты, дөңгелек сары көзді ревизор түсіне кірді. Бір мезгіл ревизор үп-үлкен мысыққа айналып, Ақиқатты бір аяғымен басып ұстап тұрып, папкасынан айып қағазын суырып жатты.

Ақиқат осы түстен оянып кетіп, жол жүретіні есіне сап ете қалып, сағатқа қарады. Ала көлеңке үйдің ішінде кішкентай қоңыраулы сағаттың фосфорлы жасыл тілі жарқырап түнгі бірді көрсетті. Кішкентай сағаттың жарқыраған жасыл тілі томпаңдап жүгіріп бара жатты.

— Ақантай, неге ұйықтамай жатырсың? Әлі ерте ғой, — деді Ақлимаш ұйқылы-ояу еріне қарай аунап түсіп. Терезеден түскен ай сәулесінен ақ маңдайы көрінді. — Сені мен ешқайда да жібермеймін, — деді жас келіншек буынсыз ақ білегімен жігіттің мойнынан қапсыра қатты құшақтап алып.

Жұбайының жүрегінің астынан бірдеңе бүлк-бүлк етіп бұлқынып-бұлқынып қалғанын Ақиқат анық сезді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ

Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиогиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиолотаялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолдикулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиснасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабыңдап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің қаншалықты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруу пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпа кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер терің құрғақ болса, онда балалар сабыны деп алатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде тұратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейннен моншаға қайтадан түседі. Дене жақсы шынығады. Денсаулық артады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Кәрі солдат


Сексен жаста қатарың сирей бастайды. Қапалы болса да, қатал шындық сондай.

Ал, «Құланоты» ауылында соңғы кезеңде сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың бидайдың ішіндегі жалғыз арпа.

Бұл жасқа жеткенше Сырым өзінің саяқтығын сезе бермеуші еді. Өйткені алдында ағалары бар еді, ал алпыс пен жетпістің арасында өзіңнен бес-он жас кішілерден үлкендігің аса шодырайып тұрмайтын.

Енді Сырым алдындағы ағалардан жұрдай болды да, артына бұрылып қарап еді, әлдекім ат басындай алтын беретіндей алға тым асығыс кетіп қалыпты. Өзгелерден оқшау озып кеткеніне ыңғайсызданатындай хал кешетін болды.

Анау-мынау десе де, сексеннің аты — сексен. Қырыққа жетпей қыржиып қартаятындарды да көріп жүрміз. Төрт жыл қиян-кескі соғыстың ішінде жүрсең, соғыс біте бергенде, құмалақтай оқ та емес, қол тоқпақтай снаряд оқ қолыңды шолтитып жұлып кетсе, ол аз болғандай сол жамбасында осколка қалса, оның үстіне өмір бойы колхоздың бригадирі, қарауылы болсаң, сексен деген, әрине, аз жас емес.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: География | Атмосфералық ауаны тазартудың жолдары

Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда адамзатты толғандырып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар ластанған ауаның жоғарғы қабатында таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың қалаларға, ауылды жерлерге таралуын бәсеңдетеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының климаты өте құрғақ және күрт континентальды өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия материгінің ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен түсіндіріледі. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігіне байланысты ауа райы көбінесе ашық немесе аз бұлтты болып жиі ауысады, сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген, кейде ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі күн мен түн, қыс пен жаз температурасының бірден ауысуынан пайда болады. Облыстың оңтүстік таулы аймақтарының климаты жылы, қысы жұмсақ, ылғалдылығы жеткілікті, ал солтүстік жазық аудандарында қатты құрғақшылық байқалады. Шөлді аймақ 70% алып жатыр.
Облыстың жылдық орташа температурасы 7-100С. Ең суық қаңтардағы айлық орташа температура 5-100С, ал солтүстік және солтүстік батыста 10-140С. Қысқы кезеңдегі абсолютті максимум 40-450С, қиыр оңтүстікте 35-380С аяз. Қысқы кезеңде салыстырмалы түрде төменгі температура көп болмайды. Жылы кезең жоғары температура және құрғақ ауамен ерекшеленеді. Ең ыстық шілде айындағы температура 25-270С, таулы аймақтарда 21-240С болады. Ал шөлді аймақта 470С тең.
Жамбыл облысының территориясынан көп мөлшерде пайдалы қазбалар қоры табылған. Олар фосфаттар, түсті металдар, минералды тұздар, отындық шикізаттар, түрлі құрылыс материалдары. Сондай-ақ республикалық қордың 10 % құрайтын газ кен орны да бар. Республикадағы балансты гипс қорының жартысынан көбі облысқа тиесілі. Республика мен ТМД бойынша ең көп фосфарит қоры Қаратауда шоғырланған. Облыстағы біраз уақытқа дейін негізгі кәсіп орындары тау кен қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс орындары болды. (АО «Қаратау», ТОО «Қазфосфат», «Минералды тыңайтқыш», ОАО «Химпром», НДФЗ филиалы «Қазфосфат»). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тазалықты сүйеміз

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз».
Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, қорыту.

Мотивациялық қозғаушы.
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз баршамыз
Арайлап атқан күнге!

Ұйымдастырушы ізденушілік.
Оқу іс - әрекетің тақырыбымен таныстыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз).....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Угги етігін қалай тазалаймын

Суық қыста қалың, жылы угги етіктері үлкен танымалдыққа ие болады. Угги етігі пайда болғаннан соң бірден сәнге кіріп, трендке айналды. Жайлы, ыңғайлы, әрі аязға төзімді аяқ киімді неге кимеске?

Угги дөрекі көрінеді, көйлек пен белдемшемелермен жараспайды деп сынайды. Қалай болғанмен, қой жүнінен тігілген австралиялық етікті қазірде жұлдыздар да, қарапайым қыздар (ал кейде жігіттер) де киеді.

Аяз түскенде сүйікті етігімізге айналатын угги қыс бойына бастапқы келбетін сақтау үшін оны тазалап, күтім көрсету керек. Төзімді етік ерекше күтімді қажетсінбейді, тек бірнеше қарапайым кеңестерді біліп жүрсеңіздер болғаны. ......
Кеңестер
Толық
0 0