Реферат: Экология | Мақсат және басқару мақсаттары табиғатты қолдануы

Пайда алуы тек қана емес тұрақты экономикалық даму шарттарында маңызды мағына болады. Ердің құны болса да, сонымен қатар замандас экологиялық қауіпсіз өндіріспен басқару .
Керек белгілеп қою, не үшін мынаның өндірістердің барлық түрлерінің қайтадан жабдықтауына жеткілікті айбынды инвестициялар керек, кетулердің өңдеуді және өздері алдын ала ескерді ең басты қызметі.
Табиғатты қолдану – мынау бір басқару ең күрделі объектілерінен тұрыды. Сондықтан - маңызды мағына экологиялық процестермен және табиғатты қолдану экономикасымен басқару зерттеуінде болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Жетісу аймағының табиғат-райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу
Сабақ мақсаты: • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Толғау жанрының табиғаты

XV-XVIII ғасырлардағы поэзиямыз өзінің барша сәбилік, балаңдық болмысымен, халқымыздың бай фольклорымен бірге әдебиетіміздің кейінгі кезеңдері үшін бастапқы бұлақ арнасы қызметін атқарды. Мұндай халқымыздың бірнеше ғасырлық көркемдік, поэзиялық тәжірибесі жинақталып, іріктеліп, сан ұрпақтың ақыл-ойы арқасында ауызша өмір сүріп біздің дәуірімізге жетті.
Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастаулары алғашқы шығармалар біздің заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл оның ауыз әдебиетінен жеке авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден-бір көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанының белгісі.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы әдеби тілді сипаттайтын мұраларға ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан көптеген саяси, әлеуметтік, мәдени шаруашылық өзгерістермен байланысты рухани байлықтың, мәдениет өндірісінің құралы болып табылатын ана тілдің, әдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол тұста жыраулар мектебінің шарықтау биікке көтерілуімен, олардың алдында ел қорғау, халық бірлігі, отанды сақтау мәселесінің тікелей күн тәртібіне қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген, халық данасы болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел басқарған адамдарға адал, әділетті, көреген ақылшы бола білуіне де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен өмірге ынтық болып, соны көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де, әдебиеттің де, мәдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көрегендікпен болжай, бағдарлай білді. «Бұқар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыршысы...» Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әр түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді. [7, 165]
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды.
Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.

Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді:
«Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендегімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес.
Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, ол оның қайсысынан бөлініп шығуға лайық деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен батырлар жырын айтуымыз керек. Мұның екі түрлі басты себебі бар. Ең алдымен толғау өзінің бүкіл тарихы бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға ұқсас болса, екіншіден мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе, батырлар жырынан алшақ кетпейді, көбіне-көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор мәселелер негізінде туып, өріс алды. Екеуенің арасындағы айырма мынау: бірінде аталған мәселелер жеке адамдарға олардың іс-әрекеттеріне байланысты, белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде автордың өмір, дүние, адам жайындағы ойлары жан тебіреністері арқылы, тура бастапқы қалпында көрінеді. Мұның аты – батырлар жыры мен толғауға негіз болған қоғамдық үлкен мазмұн біреу ғана, тек екеуінің көркемдік жолымен дәлелденуі, тыңдаушысына жеткізілуі ғана екі түрлі деген сөз.
Қазақ арасында кең тараған эпикалық жырлардың біразы ХІІІ-ХІV ғасырларда туса немесе сол тұстағы оқиғаларға байланысты бола тұрып, сәл кейін дүниеге келсе, толғау жанрының алғашқы нұсқалары ХV ғасырдың орта тұсынан бермен қарай белгілі бола түскені мәлім. Демек, хронологиялық жағынан алғанда да батырлар жырының толғауға негіз болуында айтарлықтай қайшылық жоқ. Бұл арада ескеретін тағы бір мәселе – толғаудың Асаннан да бұрын өмір сүруі және сол ежелгі үлгілердің біздің заманымызға жетпеуі ықтимал. Біздің топшылауларымыз бүгінгі таңда қолда бар шағын әдеби деректердің негізінде жасалып отыр – дейді. [3, ]
Оқырман жұртшылықты ойландыратын бір мәселе бар. Ол ақын-жыраулардың шығармаларына толғау тақырыбы қайдан берілді. Неге мұны толғау деп атаймыз? Осыған тоқтала кетсек. Толғау сөзіне Ә.Дербісәлин мынадай анықтама береді:
«Толғау» деген сөз қайдан шыққан? Бұл атау әуел баста «толға» (немесе «толғап жібер») деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан (мұның өзі екі түрлі компоненттен – «тол», «ға» - құралған). Түрі жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі «сөйле» деген бұйрық рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. «Толға» дегенде, «жырла» не «жырлап жібер» деген ұғым туады. Яғни, «толға» дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін оны заттандыру қажет болғанда «толғаға» «у» қосу арқылы жаңа сөз жасалған. Тіліміз үшін атау сөз жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс ( мысалы «ата» (бұйрық рай) + «у» - «атау», «еге» + «у» - «егеу», т.б. Профессор Қ.Жұбанов та «толғау» атаулының «толға» дегеннен шыққанын көрсете келіп: «тол» деген түбірден «толқын» сөзі жасалған, түрікмендерде толқынды «толға» дейді. «Түрікмендер жырламақ, толғамақ дегенді «долломақ» дейді, «доло» қазақшалап айтқанда «толғау деген сөз», - дейді. Осының қайсысы да «толғау» атауының ауызша шығарылған өлең туындыны алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге асу заңдылығын айқындай түседі. Толғау өлеңді ауызша әуенмен шығарып, әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады. Оның сахналық сипатының молдығы да содан. Жазба әдебиеті өріс алған елде мұндай өнер түрінің болуы мүмкін емес. [3, 102-103]
Ал, Ахмет Байтұрсынұлы толғауға мынадай анықтама береді:
Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда.
Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екіжақты болады. Әр нәрсені саңлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айырғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп даамның санасына түскенде, адамның ойында да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз.
Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екіге бөлгенімізде тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа керек. [6, 347]
Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі еркшеліктері неде?
«Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні», делінеді поэзиялық сөздікте. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» мұндай да анықтама жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің толғау туралы пікірлері жоғарыдағы анықтамаға саяды.
Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов былай деп жазады: «Бүкіл дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы – жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы – ұзақ өлең жырлар. Қазақ фольклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық жырлары және қисса деп төртке бөлінеді. Толғау нақыл толғауы, ереуіл толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады». Бұл жіктеуді толығымен қостау, әрине, қиын. Алайда автордың толғаудағы ерлік сипат пен дидактикалық қасиетті атап көрсетуі орынды. Толғау жанрын зерттегендердің қай-қайсысы да оның осы белгілерін әрдайым атап айтып келеді. [3, 103-104]
Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтің еңбегінде едәуір тереңдей ашылды. «Толғау» - шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі, - деп жазады ғалым. - өлеңдердің тирада-тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан, толғау термедей әзіл оспаққа бара бермейді: мәнді-маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау -өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Толғау деген сөз эпикалық туындыларда сөйлеу, монолог мағынасында қолданылады. Бұл әдетте эпосқа тән ұзақ та тұтас сөз. Толғау – ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы – толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор қатынасының бүгіндігі арқылы, сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті... Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланыста болса керек.» Әсіресе, көне дәуірден келе жатқан толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен қамтылған. Толғау жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр алуан құбылыстары, жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген.
Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар «санат-насыят ырлар», құмықтар «ойлы йырлар», башқұрттар «қобайыр» деп атайды. Ноғай мен құмықтың «қазақ йырлары» ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген, ХІІІ – ХІV ғасырларға сәйкес келеді.
XV-ХІХ қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. ТОлғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты.
Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағына да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды. Толғау кейде күрделі, көлемдік лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алды. Ырғағы жеті-сегіз буында тармақтарға негізделеді, олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен лирикалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады. [2, 348]
Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін.
Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар...», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян».. Бұқардың «Айналасын жер тұтқан», «Аңсаңнан биік тау болмас», «Ай заман-ай, заман-ай...» сияқты туындыларын келтіруге болады.
Ал, сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларды жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді. Мұндай толғаулардан жыраудың өзіндік «мені» де бой көтереді.
Лирикалық толғаудың үлгісі ретінде Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан күн», Бұқардың «Кіші қара қалмақ бүлерде» сияқты жырларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпоста кеңінен қолданылады. Мәселен «Ер Тарғындағы» Тарғынның мертігіп жатқанда айтатын толғауы осындай [2, 143]
Бірыңғай ипровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде өзіндік елелулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – шығармасы – толғау». [1, 143]
«Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп», – дейді А.Байтұрсынұлы. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз.
1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды.
б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын толғау болып шықпағандықтан.
В) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді.
Г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды.
2. Тысқы шарты. А) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі.
Б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйнің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл-күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды дан Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды.
В) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс.
Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл-күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. ТОлғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік-сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады. [6, 348]....
Рефераттар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күзгі табиғат

Мақсаты
• Күзгі табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқай отырып, артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту;
• Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге тәрбиелеу;
• Табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқауға талпындыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекіліктер орман макеттері, шырша, аққайың, терек, емен, бұталар; қоян, түлкінің суреттері, жапырақтар.
Сөздік жұмысы
қалқып, мүлгиді, ішік.
Билингвалды компонент
жапырақ - лист, орман - лес, күз – осень

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң!
Қайырлы таң, мөлдір көздерім!
Қайырлы таң, жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң, мықты аяқтарым!
Қайырлы таң, арайлы күн, аспан!
Өлең тыңдаймыз
Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқу:
Сары ала жапырақтар,
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар,
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен,
Ағады жылға - бұлақ.
Сұрақтар қою:
- Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?
Жауаптарын тыңдап, толықтыру.
Жаңылтпаш айтамыз
Санай бер, қарай бер,
Бояуы жүз, келді күз.
«Жапырақтар» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлету.
Жапырақтардың қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып, балаларды орманға серуенге баруға шақыру.
- Көзімізді жұмып, сары жапырақтар сияқты айналып, орманға ұшып барамыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Табиғат қорлары

КІРІСПЕ БӨЛІМ
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Түйсiктің рефлекторлық табиғаты

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек, мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн ерекше атап керсетедi.
Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша, түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де, заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз. Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi. Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн болмас едi.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Тіл мен табиғат


Кісі орыс тілін толық игеру үшін және бұл тілді сезінуді жоғалтып алмау үшін, қарапайым орыс адамдарымен ұдайы аралас-құралас болумен бірге, сол сияқты егін аңыздарын да, орман-тоғайларды да, жер-суды да, кәрі талдарды да, құстардың алма-кезек сайрауын және орман жаңғақ бұтасы астынан басын изеп тұратын әрбір гүлді де көріп, біліп, тыңдап жүру керектігіне өз басым кәміл сенемін.

Тегінде әр адамның өзінің бір жаңалықты ашатын киелі күндері болатын шығар. Кіндік Ресейдің орманды да шалғынды өңірінде менде де сондай бір жаңалық ашатын, күркіреген күндер мен кемпірқосақтарға толы киелі жаз болған еді.

Шіркін, сол бір жаз қарағайлы ормандар гүліне, тыраулаған тырналар үніне, ит тұмсығы етпейтін тобылғы тоғайының бұрқыған хош иісіне, қораздардың қоқилана шақыруы мен батқан күннің шапағы қыз жанарын нұрландырар шақта, әуелгі тұман иірімді шүңейіт үстіне тарамдалып түсе бастаған шақта, кешкі көкорай шалғында шырқай салған қыздар әніне тамылжып-тұнып тұрған күйінде өтті де кетті-ау. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: География | АЙДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖӘНЕ ТІРШІЛІККЕ ТИГІЗЕТІН МАҢЫЗЫ

Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита.
Әрине адамдарға Ай не үшін қажет, одан қандай пайда түседі деген сұрақтар тууы мүмкін.
Адамдардың соңғы жылдардағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар Айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз.
Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады.
Ай ресурстарын мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану.
Қазіргі заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма жыл бізді дүние жүзілік экологиялық апатқа әкелуде.
Ай бізге қалай көмектеспек, егер онда ауа да, су да болмаса?
Әрине, Айдан ешкім су мен ауа әкелейін деп жатқан жоқ. Бірақ та жердегі индустрияны, әсіресе зиянды реактивті және химиялық өндіріс орындарын Айға апаруға болады. Үлкен бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қиын да, ауыр жолдардан өту қажет, міне, осы жолдың бастамасын ХХІ ғасырдың 1 жартысында қалау керек.
Айға қоныстандырудан бұрын, алдымен тұрғындарды қалай оттегімен және сумен қамтамасыз етуді ойлау қажет. Сонымен бірге тіршілікке қажетті заттарды жергілікті орында қайдан алуға болатынын қарастыру керек. Жерден бәрін тасу мүмкін емес қой!
Айдағы негізгі жыныс құрайтын минерадарда орташа алғанда 40% оттегі бар. Бұл минералдар пироксен, плагиоклаз, ильменит болып табылады. Осыларды оттегіні өндіруде қолдану қажет. Ай топырағынан оттегі ал технологиясы жердегі зертханаларда пайдаланылған. АҚШ-та Ай бетінде оттегіні өндіру өнеркәсібіне автоматтандырылған завод жобасы жасалған. Бұл заводтың өндіргіштігі - -жылына 1000т дейін оттегіні құрайды.
Негізгі тапсырмалардың бірі – бұл суды алу және қорландыру болып табылады. Ай бетінде жоғарғы мұз жамылғылары ретінде көп су құрамының болуы мүмкін жағдай. Соңғы ашылған «Ай күмбезі» деп аталатын аймақ түгелімен мұз басқан ай бетінің шыңдары. Олардың гидролакколит деп те атайды. Айдағы мол су қорлары мүмкін осылар шығар.
Негізінде күн желінің ағына мен галактикалық ғарыштық сәулелер гелиймен араласқан таза сутегін құрайды. Есептеулер нәтижесінде 1млрд жылда 1 см² ай бетіне корпускулярлы сәулелену түрінде 10г сутегіден түсу керек екендігі анықталды. Ай реголиті губка тәрізді суды өзіне сіңіріп алады. Ай пайда болғаннан бері оның бетіндегі реголиттің 1м³-де 1 литр су жинақталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Табиғат экономика мемлекет және құқық

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси, өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз байланысты.
Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде қиыншылығы мен қайшылығы мол өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949-1991 жылдары арасындағы – радиоактивті ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар. XX ғасырдың ұлы экологиялық апаты болып табылатын – Арал аймағының трагедиясы. Қазақстанның орасан зор кеңістігіндегі тұрақты қоныс тепкен ауыр өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, әскери өндіріс кешенінің әлемді тітіреткен аса қуаты да қаһарлы объектілері. Табиғи ортаның биологиялық жағынан азып-тозуы, ол адамзат пен хайуанаттың құрып кету қаупі. Сөйтіп республикамыздың халқына, әсіресе сайын дала мен шөлді аймақты мекендеген ел-жұртына игіліктің орнына ауыр күйзеліс пен қайғы-қасірет әкелді.....
Рефераттар
Толық
0 0