Алғыс сөздер

• Бастай бақ, шаштай дәулет берсін!
• Тарыдай тасып, бидайдай бөк!
• Қаздай қалқы, қудай жүз!
• Қаймағы бұзылмасын!
• Қабыл болсын!
• Тілегіңді.......

Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Шешендік сөздер

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.
— Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? — деп сұрайды.
— Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,— деп жауап береді бала.
— Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
— Түйемнің тұсауы өліп қалып....
KZ
Толық
334 -185

Қазақша Құттықтау - Тілек: Жаңа жыл (смс)

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
76 -41

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (39)

Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез.....


KZ
Толық
92 -51

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (21)

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы.....


KZ
Толық
81,5 -46,5

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.

* * * * *

Когда наступает месяц Наурыз, у нас начинается праздник. Если в этот месяц наши парни уходят в дальний путь, им мы оставляем их долю этого праздника. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. Даже твердый снег, будет таять от теплоты. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. В этот радостный и изобильный день, все ходят, друг к другу в гости. Когда в такое благодатное место приходит месяц Наурыз и мы празднуем праздник Наурыз, все мечты сбываются. Ия сам родился в месяц Наурыз.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Жарапазан


Айтайын айт дегенде жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман!
Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,
Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.
Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,
Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,
Намазды он екіңде үйрен дейді.
Намазды он екіде үйренгесін,
Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазыңның несі жұмыс.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.
Меккеде бір ағаш бар....
Өлеңдер
Толық
3 -2

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (5)

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда»,........


KZ
Толық
0 0