I Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне, Қараңдаршы, келбетіне заманның! Қараңдаршы, жер, суына елімнің, Қараңдаршы, тарихына адамның! Барлық жайда, барлық істе өзіңмен Бірге алдыңнан көрінеді ізгі дос! Ыстық дүние сәулесінде көзіңнен Кетпейді ол. Онсыз сенде өмір бос. Тарихының қайсы бетін ашсаң да, Оның ісі шыға келер біріндеп... Өмірінің қай торабын жазсаң да, Ол тұрады қарсы алдыңда күлімдеп Өткен жылдар... алдыңдағы кезеңдер... Сол досыңның шұғыласына малынған......
Тыныш түндер ылғи да табылса еді, Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді. Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды, Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді. Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім......
Россия! Сөз айтамын саған арнап. Бүкіл әлем тыңдасын Жүрек сырып! Құшағыңды аш Туысқан Ұлы халық! Күлім қағып қабылда Ақын жырын. Маған қазақ тапсырды Айт деп саған! Өз сәлемін, Өз сөзін жүрегінің Білсін деді, Бар әлем.....
Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой? Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.! Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен, шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.......