Құрметті ұстаздар қауымы, ардақты ардагерлер,мереке қонақтары! Баршаңызды бүгінгі төл мерекеміз-Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,-деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Олай болса, ұстаздардың еңбегі тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелейтін, қоғамды....
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде: - О, Момыш баланың бауы берік болсын» - Ақменттей бабасындай батыр болсын! - Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын! - Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен: Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы болсын, құлыным. Қойнауы суға мол еді......
Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім - тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн. Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді. Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия - тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. ....
Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын.