Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары

Кіріспе
Әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде таныды. Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негіз қалаушы фоктор оның тілі болып табылады.
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты оның қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік – қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудің, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. Ұлттық тілді дамытуда мүдделі өркениетті тіл саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде териминология проблемаларына үлкен мән беріледі. Германия, Франция, Ресей сияқты елдерде терминология комитеттерінің, комиссиялары мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға қойылған. Олар өздерінің терминологиялық жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар терминологиялық жұмыстардың негізі салалық ғылыми - әдістемелік бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан айрықша мән беріледі. Қазақстан тілдің өзара іс – қимылын, тіл құрылымын, оның ішінде терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызметте халықаралық қатынастардың тең құқықты субъектісі ретіндегі тәуелсіз мемлекет бола отырып, әлемдік тәжірибенің неғұрлым оң үрдістерін тиімді пайдалануға тиіс. Тәуелсіз мемлекеттің тілді дамыту саласындағы ғылымы елдің барлық рухани – мәдени өмірінің оң ілгерілеуіне және прогресіне сәйкес келуі тиіс. Қоғамдық өмірдің маңызы салаларында қолданылуы аясын кеңейтуді талап ететін мемлекеттік тілдің қазіргі жай – күйі, оның даму перспективалары ұлттық терминологияның даму деңгейімен, оны реттеумен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және оның қолданылу аясының ауқымымен өзара тығыз байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Дүкенбай Досжан | Сөз киесі

Тағдыр әу баста пешенеге жазылады.

Асылмұрат бала жастан пешене дегенді – кісі маңдайы деп түсініп жүріпті. Жас адамның маңдайында әжім болмайды. Тері мен сүйек арасында болар-болмас әлде бір із сырт көзге сезілмейді. Келе-келе... кісі егделене... маңдайға көлденең сызылып әжім түседі. Әлгі шимай кейіпкеріміздің көзіне жазу болып елестейді. Жұмыс басты пенденің өмір жолы... кім болмағы... нендей қатерлі асудан өтері... қандай кепті басынан кешетіні... алдын-ала айнаға түскендей жазылып қояды дегенге кәдімгідей иланатын. Кейіпкеріміз сөзге жоқ, сырын ішке жиып, біртоға мінезбен өсті. Құрбылары таласа сөйлеп, кимелеп көзге түсіп, қай ортамен мидай араласып, тастай батып, судай сіңіп жатқанда – бұл пақырың аузынан сөзі, иінінен бөзі түсіп, дастарқанды шетжағалап отырғанды қалады. Құйма құлақ атанды. Үндеместің сыры ішінде, сол сыр... қоңыр мұң... адамшылық арыз... жүрек шері сыртқа шықпай, қордаланып жинала-жинала Асылмұратты бір отырып жазып тастайтын жазушы етті. Жылдар өте тірі сөз теру кәсібіне айналды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу.
Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау.
Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша анықтау.
- Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика граматикалық тобын айқындау;
- Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын сөздерді нақтылау.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің қолданылу аясы

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салар, біреу салмас.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жастар алдындағы сөз)

«А, Нұржан қаламыңды қолына алшы,
Дауысыңды құйқылжытып әнге салшы.
Емеспең топтан озған кәрі тарлан,
Кеудеңде қалған жоқ па бірер тамшы?»,—
деп Наушабайдың Нұржаны өзіне айтқандай:
А, Жамбыл кезің келді сөзің бастар,
Барынша құлаш созып, аяқ тастар!
Алдында жана өмірдің өркендері,
Өрмелеп келіп тұр ғой сөзің қостар.
Айтқызбай саған тіпті ерік қоймас,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы )
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
• үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Шығыс моншасы Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Шығыс моншасы. Түбірлес сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату .
Сабақ мақсаттары: өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа? ....
Өлеңдер
Толық
0 0