1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру. 2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету. Зерттеу әрекетінің кезеңдері: 1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу. 2. Бейнесуреттер жасау. Зерттеу жаңалығы: Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы......
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Өнер Тақырыбы: №12-сабақ Мәтіндерді салыстыру. Сөз таптары пысықтау Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: - сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды - сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады Оқушылардың көбі жасай алады: - қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды - сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады Оқушылардың кейбірі жасай алады: - қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; - мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды - сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Диплом арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Диплом арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады. Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді 1, 134 б.. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді 2, 134 б.. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Дипломшілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады. Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз. Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады 3, 135 б.. Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды. Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады. Диплом нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу. Диплом жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін Дипломге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім сөздерді анықтау. Диплом жұмысының міндеттері: ● көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: 3-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы Оқу мақсаты: 3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл); 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; - сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі; - үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады. Оқушылардың көбі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; - сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады; - сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады; Оқушылардың кейбірі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; - кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады; - болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • үзіндіні не мақсатпен таңдағанын түсіндіре алады; • үзіндіге сүйене отырып көзқарасын дәлелдейді......
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Уақыт Сабақ тақырыбы: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады; - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; - мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; Оқушылардың көбі: - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады; - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді; Оқушылардың кейбірі: - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады; - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу. Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Сабақ мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру- ге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу Сабақ мақсаттары; Оқушылар: • үзінділерді өңдеу тәсілін меңгереді; • креативті жазба жұмысын орындайды......
Кіріспе Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік. Тақырыптың өзектілігі Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз. Жұмыстың зерттеу нысаны Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Зерттеу әдісі Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды. Жұмыстың мақсаты Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын, әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету. Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып табылады.. Жұмыстың негізгі міндеті Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын, жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қытай тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі, фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді. Жұмыстың теориялық мәнділігі Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз. Жұмыстың практикалық мәнділігі Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз. Тілдік материадардың сипаттамасы Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды. Жұмыстың құрылымы Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Н.Айтов «Алтын сөз» Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды; Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады, бата мен тілекті ажырата алады; Кейбір оқушылар: өлеңді суретпен салыстырады, өз ойын қорытындылап жеткізеді.....