Түсімде жапан түзде кезіп жүріп, Қорғансыз бір бақшаға келдім кіріп. Аяныш түсті ойыма сол арада, Қуарған ағаштардың түрін көріп. Семіпті сұры кетіп ағаштары, Көгерген жапырақ....
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып .....
Сағынып, Нұра, мен келдім, Бұрынғы иең — байғұстың. Айрылған сенен көп елдің Жатырсың көрмей қайғысын. Мекен болдың бір уақыт Көшіп жүрген қазаққа. Айырылып сенен....
Қу заман басқа салды мұндай шақты, Қайтейін, медеу қылдым жалғыз хақты. Ұрпағың өсіп-өнген рулы ел бол, Деуші еді бабам Тоқа аруақты. Ескене, Байбек, Жәнібек – бергі атам. Қайырлы деуші еді....
Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма? Көңілді бір орынға қондыра ма? Түнерген қара қабақ жадырасын, Ән салып, күй күйлейтін домбыраға. Аршадан кертіп жонып тиек салдым, Ызаны тарқатуға домбыра алдым. Күңіреніп, көтеріліп....
Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.
Төңірек тып-тыныш.
Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.
Пән:әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Қасым Қасым Қасымдар» Сәкен Иманасов Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет,кейіптеу) табу; 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...),өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңнен көркемдегіш сөздерді табады. Көптеген оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді анықтайды, өлең құрастырады. Кейбір оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді қолданып өз ойын айтады және дәлелдейді, қорытыныды жасайды. ....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Табиғат құбылыстары Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады; Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады; Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген" құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас, қатын-қыздарының аттары ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар, бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше тазарақ киімдерін киіп, бәрі бір түрлі асығып лепіруде.
Күн ыстық. Шыбындап, топтанып, шаптары терлеген жылқылар үймелеп жылы желі маңайында тұр. Қап-қара болып күнге күйген, бұттарында жүнін сыртына айналдырып киген шалбарлары ғана бар жап-жалаңаш малайлар арпалысып сауған биелердің сүтін шелектерімен қолдасып келе жатыр.
Құрғақ апандардың, әм жарлардың көлеңкелерінде қозылар үймелеп, жүргендері жүріп, жатқандары жатыр. Қара мал өріске кеткен. Ауылдың күншығыс жағындағы сортаңда сағымнан бұлдырап төрт-бес түйе жүр........