Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр, Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр. Ауыл үйлер шошалада, күн суық Жел де азнап аш қасқырдай ұлып тұр. Шымнан салған бір жаман үй - кім үйі? Кетіктеніп құлауға....
Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді...
Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады.
Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн.
Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің....
KZ | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз: - Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз. - Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз - Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. - Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас.....
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.
Ырымға байланысты ат қою
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.