Сүтті сиырды таңдау. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады.
Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға......
Сүт - сүт қоректілердің сүт безінен бөлінген биологиялық сұйықтық, химиялық көзқарастан, күрделі коллоидты жүйе. Сүт шаруашылығында «сүт» деп бір немесе бірнеше сиырлардан алынған сауын сұйықтықты айтады. Сүт судан және құрғақ заттан тұрады. Сүттің суы әртүрлі физикалық күйде орналасқан барлық құрама заттар еріген плазма немесе орта. Сүтте судың мөлшері 85-87%, қалған құрғақ заттар құрамына кіретін. Су бос күйінде (83-86%), аз мөлшері байланысқан күйінде (3-3,5%) болады. Бос су барлық сүттің органикалық және ......
«Ешкі сүтінің пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасына аннотация Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу. Зерттеу болжамы: Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ. Зерттеу заты: Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу. Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру, талдау, жинақтау, әңгімелесу т. б. Жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда......
Кіріспе Зерттеу өзектілігі: Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген қазақ халқы өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Осыған орай халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы – ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер ,пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының.....
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Сүт өнімдері» Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және сүт өнімдері туралы айтып, білімдерін жетілдіру. Олардың пайдасы, маңызы, туралы түсінік беру. Балаларға сүт өнімдерін зерттету арқылы ой өрістерін, қиялдарын, саусақ моторикаларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары және сүт өнімдері туралы әңгімелесу. Әдіс - тәсілдер: Жылулық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірбие жасау. Түрі: Ойын - зерттеу Көрнекілік: Үй жануарларының және сүт өнімдерінің суреттері, слайд Үштілділік компонент: Сиыр - корова - cow; сүзбе - творог - curd; сүт - молоко - milk: Жылулық шеңбері: - Кәне, кәне күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйіп не керек, Ойнап, күліп жүрейік. Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Баршанызға құрметпен бас иеміз біз! Балалар, қане, енді өз аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді, айтайықшы? .....
Соңғы жылдары мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Өткен жылдардың Ауыл жылдары деп жариялануы, осы шараның аясында 2009 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу» заңының қабылданып, бұл маңызды құжаттардың қомақты қаржымен қамтамасыз етілуі соның айқын куәсі. Осындай мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар нәтижесінде ауыл экономикасы айтарлықтай алға басты. Соңғы төрт жылда аграрлық секторға 205 миллиард теңге бюджеттік қаржы және 805 миллиард теңге жеке инвестиция құйылды. Ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысының әр 1 теңгесі 4 теңгенің жеке инвестициясын тартып отыр. Осының негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім өндіру көлемі он жылдың ішінде үш есеге өсті. 2007 жылы ол 6,3 пайызға артып, 1050 миллиард теңгені құрады. Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, 2012 жылы 20,1 млн. тонна астық, 459,4 мың тонна күнбағыс, 438,7 мың тонна шитті мақта, 2196,4 мың тонна көкөніс өндірілді. Осыған байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру басты өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапты. Былтыр ірі қара саны 2012 жылға қарағанда 39,7 пайызға, қой мен ешкі – 57,3 пайызға, шошқа – 25,6 пайызға, құс – 49,1 пайызға көбейді. Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Тәуелсіздік жылдары республика ауылшаруашылығының материалдық – техникалық базасы айтарлықтай нығая түсті. Соңғы жеті жылда алыс және жақын шетелден ауылшаруашылық техникасының 26,5 мыңнан астам негізгі түрі сатып алынды. Бұл ауылшаруашылық өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Республикамыздың ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында бүгінгі таңда 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда сүт және сүт өнімдерін өңдеу 1,6 есе, өсімдік майы – 3 есе, қант 1,9 есеге өсіп отыр. Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде – бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай ....