Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тәжік елінде әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" атты түрік сериалын көрсетуге тыйым салынды. Оған себеп, фильмде зорлық-зомбылықты насихаттайтын эпизодтардың кездесуі деп хабарлайды
СүлейменБақырғани (12 ғасырдың басы — 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А. Боровтың зерттеулері бойынша, СүлейменБақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін....
Орыс тілінде жыр жазатын қазақ ақыны некен-саяқ. Солардың бірегейі һәм ірісі – Олжас Омарұлы. Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өзінің саналы ғұмырын жыр жазуға, әдебиетті зерттеуге, қоғамдық-саяси түйткілдерді шешуге арнап келеді.
1954 жылы мектепті бітірген ақын сол жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1959 жылы инженер-геолог маманы болып, жоғары оқу орынын тәмәмдады. Оқуының соңғы жылдарында бақылаушы-геолог ретінде жұмысқа араласты.
Олжас Омарұлы әдебиет ісіне 1955 жылдан бастап араласты. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген жылы, яғни 1959 жылы, ол Мәскеудегі А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының....
«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.
Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....