Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қып-қызыл


Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған.

Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды.

Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған .Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды.

-Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, әлде партияға қарсысың ба? (бұл сөз оның бісмілләсі еді). Сол сәт ол Қаттыбалаға қаһарын тігіп, кәрлене қарады.

-О, несі ей?!- деді сөзін одан әрі сабақтап,- партия үшін сенің шалың ыз-ыз етіп ұшып, қоқыстан-қоқысқа қонып жүрген қара маса! Ұқтың ба? Қаттыбала басын изеді. -Ол бүгін өле ме, ертең өле ме партияға бәрібір.

Осы сәт өзіне-өзі риза болған кейіпте партия үшін сенің шалыңдай шалдардың оны өлсе түк емес, ал бір тоқты өле қалса... Коммунист Сәруар Шалдуарұлы, қайда қарадыңыз?- деп сұраудың астына алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Қара халат

(Баллада)

...Ұзын барақ

Ішінде толған адам.

Ыңқылдаған, күрсінген, зар жылаған

Бірін-бірі қаға-маға

Сыртқа қарай тынымсыз зымыраған.

Ішін басып, дөңбекшіп жатқан

Сыбырласып қояды Әминә мен

Күйеуі Әмен:

-Бұрышта жатқан кешегі кемпір мен шал

Қоштасқан-ау, зайыры, дүниемен

Бара жатыр мыналар соларды алып,

Іш аурудан өлгендер қырсық шалып.

Күннен күнге барады саны артып,

Кетер, сірә, бұл пәле бізді де алып...

-Құдай ісі,-

Әмина еңіреді.

Толған орыс, дінсіздер төңірегі

Иман айтар жан да жоқ өле қалсақ,

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бала Мәшһүр

Түнеріп қара түндей Көпей сопы

Келмеді көптен бері көңіл қошы.

Көп жортқан аяғын бір шалдырад,

Дегені өткендердің сірә осы.

Әйтпесе...

Сандаған жыл сауда қылған,

Көз алдын

Тұмшалар ма ед қалың тұман?

Игілік бай, Қоңырқылжа төре,

Іргесін салмас па ед аулақ мұнан?

-Көпеке, Көпеке, - деп сандаған бай,

Есімін елге жайған патша Құдай.

Аңдамай шалыс басқан бір қадамы,

Әп-сәтте көрмеймісің қылды жұрдай.

Өз малын апарған ед Қараөткөлге,

Саудамен барған ед талай жерге.

Қызмет қып Ахмет, Жәудір саудагерге,

Шарлаумен Түркістан, Ташкент қалаларын

Тағы да талай-талай қалаларда

Атының-ойқастаған ізі қалды.

Біткен мал, еткен еңбек төккен терге,

Саудасы сәтсіз болып қайтқан-ды бұл

Базардан ел жиылған боп қара жер.

Арзанға бермей малын ерегескен,

Шықпаған еш нәтиже құр егестен.

Малын айдап ауылына қайтқан еді,

Сол жылғы тауық жұты шығар ма естен?

Жүз сиыр, төрт жүз қойдан тұяқ қалмай,

Жіберді «ә» дегенше сол жұт жалмай.

-Қайырсыз бұл дүниені қойсаңшы енді,-

Таңыр қап деген екен Сопы,- Алла-ай! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Хрущевті тақырға отырғызған

Сәмен өзіне әлдекім сыйға тартқан кітапты қолына алып, самарқау көз салып отыр. Кенет көзі «Хрущевті тақырға отырғызған» деген тақырыпқа түсе кеткені.

Сол кезде мұның: «Хрущеві кім? Аты әлемге әйгілі «жүгеріші» Хрущев пе, жоқ әлде екі ауылдың бірінде арақтан басы артылмай жүрген ішкіштердің бірі ме?»- деген ой иектеген. «КСРО президенті...» деген жолдарды оқығанда, мұның ауылдағы арақ кешке зәредейде қатысы жоқ екенін әңгіме «жүгерші» Хрущев туралы екеніне шүбәсі қалмады.

Рас, арагідік әлдекімдердің естелігінде аты аталып қалғаны болмаса, қазақ әдебиетінде әзірше Хрущев туралы қалам тартушы жоқтың қасы.

Әңгіме авторы сол кемшіліктің орнын толтырмақ болды ма екен?

Тек КСРО–да Хрущев ел басқарған жылдарда президент деген атымен болмағанын ел тарихын білмейтін бұл не қылған журналист?

Әлде ертегі ме?..

Олай деуге біздің өңірдегі бірден-бір таулы аймақтың сол жерде шығатын үнпарақтың, тіпті басылым бастығының аты-жөні мен мұңдалап тұр. Ол аз десеңіз, Хрущевті алдап соғып, тақырға отырғызушы да сол басылым бастығы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өрт


(Әңгіме)

Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.

– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.

– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.

– Немен өшіреміз? – деп сұрады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бас ақын


Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!

Мен солай ұйғардым!»- деп салды.

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді.

Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты.

Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.

-Бар,- десе...

-Дұрыс!- деп бетке батасын беретін.

- Жоқ,- дей қалса...

- Сен өзі... не тантып тұрсың?

Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең? - деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз өскен соң

-Керекуің қай қала?

Қарады оған таңқала.

-Кереку ме? Ол– бүгінгі Павлодар,-

Деп отырад атамдар.

Айтысына қарағанда, атамның

Керекудің атауын

Патша ертеде жойыпты.

Құрметіне жаңа туған ұлының

«Павлодар» деп қойыпты.

-Рас па? –деп қалды Анар таңқалып.

Өкінішті жүзіндегі аңғарып

Қалған Сәбит оны жұбатты.

Деді оған сенімменен:

–Ержеткен соң

Өзгертеміз бұл атты!



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Иесісін жоқтаған Майлыаяқ

(Әңгіме)

Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады.

Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп..

Оны қайдан таппақ?

Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Көшбасшылардың бірі

Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.

Солардың бірі «Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы» атты мақалам жаңадан шыға бастаған республикалық «Ұлағат» журналының №1-санында жарық көруі көңілімді қуанышқа бөледі. Мәшекеңнің еңбегін шамам жеткенше оқып-зерделеуге, оқырманмен ой бөлісуге ынталандыра түсті.

Сол тұста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы (мұнан әрі орталық) жұмыс істейтінін естіп білдім. Орталық директоры филология ғылымдарының докторы, белгілі Мәшһүртанушы Айтмұханбет Тұрышев мырза орнында екен, жылы қарсы алды. Орталықтың атқарған, атқармақ жұмыстарына аз-кем тоқталған ол:

– Әкелген материалдарыңызды тастап кетіңіз. Өзіңіз айтқандай жілігі татып жатса, алда шығатын кітапшасына іліктіреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0