Реферат: Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балаңыздың ернінен сүймеңіз

Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды.

Дүниеге келгеннен кейін нәресте үшін әке-шешесінің денесіне өзін жақын сезінуі өте маңызды. Яғни, нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді.

Дегенмен де, нәрестелер мен балалардың сүюге болатын беттері, жұп-жұмсақ қолдары, торсықтай шекесі тұрған кезде неліктен олардың еріндерінен сүюіміз керек? Баласының ернінен сүйген ата-ана «оны қаттырақ жақсы көрдім» деп ойлай ма? Әрине, жоқ. Керісінше, ата-аналар балаларын жақсы көретін болса және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізгісі келмесе, олардың еріндерінен сүймесін.

Балалардың ернінен сүюдің төмендегідей зияндары бар: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің сүйікті ертегім (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Менің сүйікті ертегім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.2.2 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды /салыстыру, кейіптеу/ табу
2.3.9.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану /нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі/
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Ертегіні айта алады.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіне алады;
Оқушылардың көпшілігі:
• Ертегіні өз бетімен құрастыра алады. Көркем сөздерді пайдаланып өздерін суреттей алады алады;
Кейбір оқушылар:
• Сөйлем құрастырып, түрін ажырата алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сая Молдайып | Сұлтанмахмұт сүйген сұлу

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы!

Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды.

Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев болатын. Сол ауылда мұражайы бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын барғанымызда мұражай тым жүдеу еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сүт сүйекті нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сондағы сүйенгенім қай иығың)

Өзенімен, қаласымен Безенген күз.
Кеш еді, келе жатық өзенге біз.
Қайтуға өзенді өрлеп, арал көріп,
М...сыз шығалық деп, кезенгенбіз.
Осы күн — жүрек дүрсіл қаққан күні,
Ертістің езу тартып аққан күні.
Суда — сәуле, көкте - шапақ, жерде — электр,
Ертісте күн қуанып, батқан күні......
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Сүйікті елім менің

Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту. Балалардың ой өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, көмір тас.
Сөздік жұмыс: Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші:
Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана
Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз.
Біз доспыз, татумыз.
Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.
Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам»
Осы кезде Дымбілмес кіреді.
Тәрбиеші: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тазалықты сүйеміз

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз».
Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, қорыту.

Мотивациялық қозғаушы.
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз баршамыз
Арайлап атқан күнге!

Ұйымдастырушы ізденушілік.
Оқу іс - әрекетің тақырыбымен таныстыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз).....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0