Шығарма: Сүйікті пәнім - Ана тілі!

Мен алты жасқа толдым, енді мектепке барамын, мына кітаптардың барлығын оқимын деп алғашында қуанышым қойныма сыймай сол күнді қатты асыға күттім. Бірақ та кітаптарды ашып көріп, оның ішіндегі суреттерге қайта-қайта қарап, анашым мына кітаптардың барлығын оқимыз ба? Оңай бола ма? деген сұрақтар күнде мені мазалай бастады.
... Алғашқы қоңырау, қолыма бір шоқ гүл алып мектепке әжеммен бірге бардық, бәрі де қызықты, бәрі де көңілді болды. Алғашқы ұстазымды көрдім. Ұстаз маған, Қадамың құтты болсын! деп басымнан сипады. Сыныпқа келдік, қолымда әліппе кітабы. Екінші күннен бастап сабақ басталып кетті........
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сүймесең де түсінуді қалашы)

Өмір сондай тамаша,
Сезім оты оянса.
Жақсы көріп, ұнатып,
Жүрек оны қаласа.
Сүю деген ұнатудан бір басқа,
Сәл көрмесең сағыну.
Біреулерге қиялдау мен күйзелу,
Армандаумен өз-өзінді жұбату.
Ғашықтықты талай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тыңдаған мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп оқиғаның соңын болжау Астанам айбарым (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Тыңдаған мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. Астанам айбарым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 2.1.2.2 Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досымның сүйікті тамағы… (7 сынып, III тоқсан )

Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Досымның сүйікті тамағы…
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
ӘТН1. Орфографиялық норма
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
7.ӘТН 5. Пунктуациялық норма
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексереді;
 Синонимдік қатармен ауыстырады;
 Лексикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды;
 Үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады
 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма Туған елін

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.Туған жер,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.Менің Отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер ол Жетісай қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Оған деген сағыныш сезімі басым тұрады.

Сен әрқашан өзің бармасаң да ,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдында"атаңның үйге кір"деген сөздері еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бой жеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным.Сонымен бірге мен елімнің кішкентай бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс.Ол мені құшағында мәпелеп қана өсірген жоқ,ол маған тәлімін,тәрбиесін берді.Сонымен қатар еңбекке баулыды.Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені салмақтылық пен сабырлыққа,кеңпейілділікке тәрбиелейді.Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі -бері сипап өтіп,қытырыңа тиетін,барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырлап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Менің сүйікті кітабым!

Заман ағымы алға жылжыған сайын бәсекелестік пен сапа арта түседі. Таңдау көп болғандықтан бірі қымбат дүниелерге үйір болса,бірі арзанға үйір. Арзанның сорпасы татымас. Десек те халық арасында тараған бұл сөз кітапқа ешқандай қатысты емес. Әлемдегі адамдар сияқты кітап та тым көп. Жаның нені қаласа соны оқы. Арзан не қымбат,әдебиет немесе бизнес,бестселлер болады ма маңызды емес. Кітап оқудағы басты мақсат-рухани баю. Қай жағынан ақсап тұрсың?Сол жөнінде кітап оқы. Кітап оқуым керек екен деп тақырыбы ұнағанның барлығын көз майыңды құртып оқи берме. Нағыз саған арналған кітапты табу қиын,оны қанша жасыңда табарың да белгісіз.

Мен оқығаным үшін мүлде өкінбеген кітап-(Көшпенділер)Жас патриот болуға талпынған 13 жасар қыз Ілияс Есенберлиннің 800 беттік романын оқуға кірісті. Әр бетін терең ұғына оқыған соң ,мен тарихтың қаншалықты құнды екендігін ұқтым. Әр ханның қажырлы қайраты,халықтың еңбекқорлығы мені тәнті етті. Қаншама қысымды оқи отыра жәй ғана отыра алмадым. Тарих пәнін бар ынта шынтаммен оқи бастадым. Көркем шығарма оқысам да тарихи кітапты таңдадым. Барша жылдарды,соғыс,жорық,бекіністі жатқа білмесем де тарихшы деп атап кетті. Өйткені мен расымен де тарихты түсінуші едім. Бір оқпен екі қоян атқандай болдым. Тіл байлық,ой өрісімді ересекше жетілдірдім және тарихтан хабардар болдым. Фантастикалық бағыттағы кітаптарды оқи бермей,тарихқа басым күш салу арқылы өзімнің патриоттық сезімдерімді оята алдым. Тарихтан жетістікке жетсем Ілияс атамды еске аламын. Алғысымды білдіремін. 16 бірдей тарихи кітап жазу мен деген жазушының қолынан келе бермейтін іс. Бұрмаланған қазақ тарихын зерттеп,көзі тірісінде оқырман ризалығына бөлене қоймаса да,қазір қазақ халқы атаммен мақтанады......
Эсселер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
А/И4. Шығармашылық жұмыс
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Сабақ мақсаты: Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0