Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты: 1. Ойыншық атауларымен, қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел). ерекше дыбыстармен таныстыру.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Сөздік қоры: доп, қуыршақ, қоян, қонжық, мысық.

Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
Балалармен қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру.
(айту – көрсету)
кел – подойди
отыр - садись
тұр - встань
бар - иди
ал - возьми
әкел - принеси
апар – отнеси.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі сүйікті пәндерім №1 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі сүйікті пәндерім №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және пәнді не себепті ұнататындарын айтады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру


2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.

1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.

Мемлекеттік рәміздер: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сүйіндік Жанысбай

Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді. Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сүйінші


— Құдағи, сүйінші!..

— Қалағаныңызды алыңыз.

— Қажет емес пұлыңыз,

Сөзіме құлақ салыңыз.

— Құлағым сізде, құда,- деп

Қасын керіп назданды.

— Содан бері жиырма қыс,

Жиырма көктем жаз қалды.

Қоңыраулы күз,

Қоңыр күз

Ұмытармыз қалай оны біз?!

Немере мен шөбере

Оңымыз бен солымыз.

— Бір Алланың бергені

Жалғасады жолымыз.

Қартайтқанмен біздерді

Ұрпағымызды түлетті.

— Айтпаңыз енді, құдағи,

Сүйсініп оқыр сіз ылғи,

Бөбектердің үні дерлік,

Сөйлейтұғын тілі дерлік,

Көретұғын күні дерлік,

Тәуелсіз ел нұры дерлік,

Тәуелсіздік жыры дерлік.

Күндей шалқып,

Айдай толған

Ана тілге, салт дәстүрге

Туған күннен болған қорған.

«Айналайын» жиырмада

Жөргегінде ана тілінің

Асыл діні, тінінің

Жоқшысы болып ер жетті.

— Осы сөзің, әй, құда,

Салды еске бұл кепті.

Ол кезде қазақ тілін мен

Жатсынып біраз «бүлінгем».

— Жүзіндегі өкініш аңғартады көп жайды,

Мұндай іске, әрине, өкінбеуге болмайды.

— Алла!- дедім бірде мен

Естіп тұрған немерем:

— Әже,- деді кенеттен,-

Алла дейсің әманда

Ескертесіз сіз өктем,

«Алла» деп айт» деп маған да.

Сол Аллаңыз жер-көкті

Неше күнде бар етті?..

Сауалы сана тербетті.

Тек, әттеген,

Мен тіптен білмейді екем бұл кепті.

— Білмеймін,- дедім,- білмеймін

Немеремнің маған күлгенін

Көрсеңіз ғой сол сәтте.

Деді соңсоң тым баяу:

— Оқыңызшы мынаны!

Ежеледім, құдай-ау!

Тұңғыш рет тұшындым,

Ана тілін түсініп.

«Айналайын» екен ол

Содан бері мен оған

Ел қатарлы создым қол.

— «Айналайыннан» айналдым,

Табыстырған ана тіліммен,-

Деді дағы құдағи

Құдасын төрге бастады.

— Қайтеміз теріп басқаны,

Құпия сырын ғаламның

Білімді ғана іледі,

Құпиясын аша біледі,-

Десіп олар:

«Айналайынға» ғұмыр тіледі.

Оқып сені ер жетсін,

Елімнің құрыш - білегі,

Тоқтамас мәңгі жүрегі.

Оқып сені қайнасын,

Намысы, қайрат - жігері.

Қабыл болсын,

«Әумин»

Үлкендердің тілегі!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аралас сүйектер

Аралас сүйектер (лат. os mixtum; лат. os — сүйек, лат. mixtum — аралас) — қаңқаның қысқы жөне жалпақ сүйектер інің құрылысына тән қасиеттері ортақ сүйектер . Аралас сүйектердің тұрқы қысқалау және сәл жалпақтау болып келеді. Аралас сүйектерге омыртқалар және .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі сүйікті пәндерім №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі сүйікті пәндерім №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0