Аралас сүйектер (лат. os mixtum; лат. os — сүйек, лат. mixtum — аралас) — қаңқаның қысқы жөне жалпақ сүйектер інің құрылысына тән қасиеттері ортақ сүйектер . Аралас сүйектердің тұрқы қысқалау және сәл жалпақтау болып келеді. Аралас сүйектерге омыртқалар және .....
152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. ......
Шеміршек ұлпасы механикалык функция атқаратын дәнекер ұл-пасының жоғары дәрежеде жіктелген тобына жатады. Ол адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Мезенхимадан дамиды, тығыз негізгі затта (матриксте) орналасқан клеткалар мен талшықтардан тұрады. Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа. Пішінінің өзгеруіне қарсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпілмелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Тығыз дәнекер ұлпасына карағанда негізгі затқа бай келеді. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластлер даму процесі кезінде хондроциттерге айналады. Хондроциттер шеміршек үлпасының негізгі клеткасы, клеткааралык затта ерек-ше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондроцитгің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жұмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасыңда митохондриялар, белоктарды синтездейтін грану-лалық эндоплазмалық тор мен жаксы жетілген Гольдхи жүйесі бола-ды (84-сурет). Хондроциттер 2-4-онан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын комплексті кұрайды. Әрбір топ бір хондробластының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қуыстың ішінде орналасқан изогендік топтар дәнекер үлпасынан тұратын капсулалар-мен қоршалған. Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек қабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап түрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы-фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі-хондрогендік қабаттан. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп үлкен рөл атқарады. Перихондрлық (шеміршек кабықшасының) клеткалары өздерінің митоздық беліну кабілетін сақтайды, шеміршектің өсуі мен закымдалған кезде калпына келуі қамтамасыз етіледі. ....
Қош енді, әкем, қош енді, Қоштасқан жерім осы енді. Қателігім болса енді, Кешір, әкем, балаңды, Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау! Көзімнің жасын төктім-ау! Жел ұшырған қаңбақтай, Бұл дүниеден өттің-ау! Кең дүниеге симадың, Артыңда қалды жиғаның. .......................... Жолдасың болсын иманың. Әкетті сені бақиға, Алдамшы тірлік жасаған. Шаңырағың шайқалып, Мұртынан сынды босағаң.....
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.
Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:
—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.
—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....