Тәуелсіздік! Бұл – халқымыздың талай ғасырлар бойы армандап күткені. Ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күресті сонау сақ дәуірінен бастаған деп айтсам, қателеспеймін. 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығынан бастап 1991 жылға дейінгі кезең біз үшін қасіретті де мұңды оқиғаларға толы болса да, еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызда орны ерекше.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қыруар үлес қосқан біртуар тұлғалардың бірі – біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі, экономикасы мықты, қуатты халқы және болашаққа үлкен жоспарлары бар іргелі мемлекет. Біз тарихымыз бен бастапқы жағдайымыз ұқсас болып келген көптеген елдердің азап шегіп жатқан әлеуметтік және саяси күйзелістерінен құтылдық. Бұл елдер – бұрыңғы КСРО республикалары. Біздің тұңғыш елбасымыз осы жылдың 20-сыншы наурызында өз президенттік қызметін тоқтаса да, оның мемлекетіміздің егемендік жылдарындағы күрделі мәселелерді сәтті шешудегі рөлі айқындықпен ерекшеленіп, есімізде мәңгі қалады. Н.Ә.Назарбаев саяси өзгерістердің алдында даму экономикасын бірте-бірте реформалау жолын таңдады. Ұлт көшбасшысының таңдауының дұрыстығын бейбіт аспанның астында оянып жүрген күндеріміз дәлелдейді. Оның «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» деген формуласы арқасында біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, «Қазақстанның даму үлгісі» сияқты ұғым кеңінен таралды және ол терең ойластырылған стратегияға негізделген оңай жолмен алға жылжуды білдіреді......
Кіріспе. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО-ның соңғы жылдардағы өмір сүру оқиғаларымен тығыз байланысты. Бүгінгі күні анық болып отырғандай жанталаса қарулану және блок болып тайталасу жағдайындағы экономикалық, этникалық, саяси, идеологиялық, технологиялық және әлеуметтік дағдарыс Кеңестер Одағының ыдырауына сөзсіз әкеліп соқты. Шиеленістің нақты әлеуметтік және ұлтаралық дау-жанжалға өршіп кету қаупі кейбір аймақтарда шыңдыққа айналды. Орталық басшылықтың ел дамуының жаңа үрдістерін дұрыс бағалай алмауы жағдайды күрт тұрақсыздандырып жіберді. Осындай жағдайларда тоталитарлық жүйені қалпына келтіру және одан кейін оқиғалар 1991 жылғы тамызда КСРО-ның тіршілігін жойды. Осындай жағдай посткеңестік аумақта жаңа қатынастар орнату және оларды ұйымдық рәсімдеу процесі қиындықпен әрі қарама қайшылықта өтті. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды.Одақтың ыдырауы славян және түркі туыстас республикаларды өзара қарсы қою жолымен этникалық негізде болжауға болмайтын жағдайларға әкеп соқтыру мүмкін еді. Ондай жағдайлар барлық посткеңестік аумақтағы ішкі мемлекетаралық қатынастың жоқтығынан онша жақсы болмады. Сонымен бірге ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынас жүйесінің болмауы да жағдайды қиындатты. ....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық) Сабақ тақырыбы: Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеру күші Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5.2- Сапалы, сандық және эсперименттік тапсырмалар есептерді шешуде үздіксіздік теңдеуі және Бернулли теңдеуін қолдану; Сабақ мақсаттары: Бернулли теңдеуін қарастырып, практикалық қолданылуын көрсету.........
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (А-бөлім) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Сызықтық және квадрат теңсіздіктерді шешеді; • Теңсіздіктер жүйесін шешеді.......
Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес......
Кіріспе Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары. 1.Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің езіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді. 2..Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады. 3.Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер Сабақтың тақырыбы: Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 5-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу Сабақтың мақсаты: Өрнектегі айнымалының мүмкін болатын мәндер облысын табу және функцияның анықталу облысын табуда рационал теңсіздіктерді шешеді.......
Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір....