Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы Соғыстың аты соғыс қой, Жалмады талай арысты. Мылтықтың оғы босқа ұшпай, Өлім мен өмір алысты. Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алады. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. ......
Бала міндетті түрде өз-өзін жоғары бағалай алуы керек. Әйтпесе, ол өзіне сенімсіз, бақытсыз тұлға болып өсіп шығады. Өзін-өзі бағалау туралы түсінікті жақсы білмейтін ата-аналардың өзі осылай ойлайды. Бірақ, баланың өзі туралы жақсы баға қалыптастыруы үшін қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді орындамайды. Психолог Вита Малыгина баланың өзін-өзі бағалай білуі қандай қағидаларға негізделгені туралы айтып береді.
Тақырыпты аздап өзгертейік: баланың өзін-өзі бағалауы адекватты, шектен аспаған және жел соқса, толқып құлап қалмайтындай тұрақты болуы керек. Яғни, басқа адамдардың абайсызда немесе әдейілеп айтқан сын сөздеріне бола жүні жығылып, еңсесі түсіп кетпеуі керек.
Өзін-өзі бағалау – бұл адамның өзін, бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, осы бағалауға сүйене отырып өмір сүріп, алға жылжуы. Дұрыс бағалау қателесуге мүмкіндік береді. Бірақ, адамның өзін-өзі кінәлап, жегідей жеп қоюына жол бермейді. Ол қателіктен – тек тәжірибе жинайды. Өйткені, кемшіліктен Жаратушы ғана пәк. Адекватты өзін-өзі бағалаудың тағы бір ерекшелігі – оның шынайылығы. Біз ешқашан қателеспейтін және ешнәрседен қорықпайтын Жаратушы емеспіз. Балаларымыздың да соны біліп өскені жөн.
Бірақ барлық отбасы өзін-өзі бағалау дегенді дұрыс түсінбейді. Олар балаларын жөн-жоқсыз мақтап, басқалары сенің шаңыңа да жуымайды деп қолпаштай береді. Ал өзін басқалардан жоғары санап өскен баланың алдынан қиындықтар шыққан кезде, бірден сағы сынады. Мұның адекватты өзін-өзі бағалауға еш қатысы жоқ.
Егер ата-анасы баласының қабілетін артық бағалап, мақтай беруді шешсе, (немесе солай болып қалса) онда баланың өзі елеусіз қалады. Баланың басындағы қиындықтар, қорқыныштар, толқулар, бәрі-бәрі есепке алынбайды. Тағдыр маған өз қабілетіме лайық сиын бермеді деп, тағдырға нала айтып отыратын отыздағы балалар осылай қалыптасады. Құр мақтау олардың бойындағы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмады. .....
Бұл сөз – менің бойымдағы, сан мыңдаған тамырдағы қанды бұрқақтатып, кеудемдегі кішкентай жұдырықтай жүрегімді тулатып,басымды көкке көтеріп тұрып, анамның алпыс екі тамырын идірген сүтпен келген, қылыштай өткір қазағымның тілімен сөйлеткен, ғаламның төрт бұрышына мақтанышпен айтатын сөз. Мен ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғап, қызын қырдағы жайқалған қырмызы гүлге балаған, ұлын ұрпақ жалғастырар мұрагері деп ардақтаған, жеті атадан қан тазалығын сақтап ұрпағын өсірген, бейбітшілік туын көкке көтеріп көк бөрінің еркіндігін сақтаған, текті қазақ деп аталатын тәуелсіз ұлттың өрені боламын. Өткен тарихы мол мұраға айналып, өскелең ұрпаққа асыл қазынадай ілім жолын салдырған, тарихын өшпестей етіп тасқа қашаған, шежіресін өлместей етіп кітапта қалдырған, жырлары дастан болып жырланып, батырларының ерлігі аңызға айналған, осы ғаламда Мәңгілік ел болып қалатын мемлекеттің ұрпағымын. Азаттық үшін күрескен Күлтегіннің ерлігімен сусындаған, Абылайдың туының астына қазақты жинаған, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек батырлардың ерлігін қайталаған, Кенесарының қайсарлығынан жүрегі тулаған, Ахмет, Бөкейхан, Мағжан, Шәкәрім жырларынан Алаш арыстарының арманын жалғастырған егеменді елдің ұрпағымын. Талай қырғынды басынан кешірген, бүкіл әлемге қазағы «тарыдай шашылған»,бірақ атамекеніне қайта оралған, арыстарым құрбандыққа қиылған, рухани қазынам жасырын оқылған, талай қиындықты басынан өткізіп иілсе де, сынбаған қазақтың қайсарлығының жалғасымын. Тәуке хан жазған «Жеті жарғының» заңымен жүрген, ұлы билерімнің данышпандығын көрген, халқымның қырылғанына күйінген, батырларымның жеңісін сезінген, Әлия, Мәншүк, Бауыржанның ерлігін жалғастырар елдің қыранымын. Абай салған дара жолда өзімнің кішкене ғана қайығымды ескен, Мұқағалидің сезімінен қиялданған, Фаризаның қайсарлығынан нәр алған қазақ қызымын. ....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру Сабақ мақсаттары: І Карл мен ІІ Османның монархия формаларын анықтап, шексіз билеуші монарх бола алмау себептерін анықтау......
Молдовандардың ата-бабалары Дунай - корпат жерлері территориясында өмір сүрген гетодан тайпасы болған. Бұл тайпа гректермен сауда жүргізген. Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. vI ғ территорияға славян тайпалары тұрғындайды. Бір территорияда бірге тұрып, шаруашылық жүргізген соң валах тайпасы құрылды. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. Х- ХII ғғ карпат-днестр жерлерінің шығыс бөлігі орыс мемлекетіне кірді, хIII – xIv ғасыр ортасында Молдовия территориясына татар, монғолдар кіреді. Оларды қуып шыққан соң 1359 ж Молдовия феодал княздығы орнады, оны бояр советінің көмегімен елді басқаратын государь биледі. Бірінші молдован государы Богдан болды. 17-ші ғасыр Ресейге деген сырқы саясат бағдары маңызды рөл атқарады. 18 ғасыр бірінші Петр мен Молдовия государы Дмитрий Контимердің Туркияға қарсы әскери саясат одағы құрылды. Бірінші Петрдің жеңілісінің кесірінен молдовия туркияның билігінде қалып, оның басшысы Контимер Ресейге қашады. Жүз жылдан астам уақытта фанориот хандығы орнады. Бұл уақытта Молдован княздігінің орнын грек фанориоттар иеленді. Шаруашылық құлдырады, қала тұрғындары қысқарды, Днестр мен Украинаға жаппай қашу болды. 1806-1812 жыл арасында болған орыс –түрік соғысынан соң Бұғарест келісім шарты бойынша Днестр мен Прут арасындағы территория 1813 ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды, Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде. Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма. Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Бала еңбектегеннен бастап, қаз басқанша әр нәрсені аузына салып, тіпті өзге затты жұтып қоятын қылықтары кездеседі. Мұндайда баланың ата-анасы жедел жәрдем келгенше не істеу қажет? Ең алдымен баланың тыныс алуына назар аударыңыз. Егер бала дұрыс дем ала алмай, жылап, еріндері көгеріп жататын болса, жұтып қойған бөгде зат тамағына не жоғарғы тыныс алу жолына тұрып қалған. Мұндайда бала дауыс шығармауы да мүмкін. Қатты қызарып, талып қалады. Сіздің алғашқы әрекетіңіз, 1) Орындыққа отырып, баланы тізеңізге жатқызыңыз. Басы төмен қарау керек, яғни тізеңізге оның іші тисін.......