Реферат: Құқық | Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау са¬ла¬сындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік ор¬гандар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қа¬зақстан Республикасының аумағында өз қыз¬метін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіздік күні

Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер.
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Қандай рәміздеріміз бар?
- Ту, елтаңба, әнұран.
- Елбасымыз кім?
- Н. Назарбаев.
Әнұран айтылады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Шығармалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көшедегі қауіпсіздік

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.

Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.

Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.

Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.

(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)

Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Сәлеметсіздер ме, апайлар! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Жасай бер Тәуелсіз елім!

Тәуелсіздік - ұлттық тіліміздің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас күші, алтын діңгегі деп білемін.

1991 жылы - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге ең алғаш аяқ басқан жылы еді. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлық беделге ие. Жас мемлекетіміз аз ғана уақыт ішінде көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерге қол жеткізді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қауіпсіздік негіздері | Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі

Қауіпсіздік мәселесі - әлемдегі барлық елді ойландыратын күрделі мәселе, сонымен бірге ол халқаралық саясатпен тығыз байланысты. Осы себепті ерте кезеңнен бастап ел басылар, саясаткерлер мен ұлы даналар көрші ел шабуылынан қалай қорғану керек жөнінде ойланған. Халық тайпалары, этникалық топтар , полистар, империялар мен мемлекеттер бүкіл адамзат тарихы бойы бір-бірімен жауласқан және әлі де жауласып келеді. Осылайша, егер мемлекет өмір сүрсе, ондағы қауіпсіздік тұрақты немесе абсалютті болуы мүмкін емес. Бірақ ол белгілі бір қалыпта болып, әрқашанда «ел билеушілердің» саияси көңіліне байланысты болып қалады. Өйткені халықаралық қатнастар ел басының қалай мемлекет аралық байланыс жасайтындығына тікелей байланысты. Бұл жағдай қазіргі жаһандану заманында басты орын алады. Қазір халықаралық қатнастардың экономизация , информатизация және демократизация дамуға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ осы бағыт терроризм үшін әлсірей түсуде. Жаһандану жағдайында жаппай қырып жою қаруы мен ақпараттық қару (үгіт-насихат) күші өсіп келеді.
Қазіргі заманда ең ірі жаһандық мәселе - ол терроризм . Егер терроризм қауіпсіздікті бір мезетте жойса , мерзімі ұзартылған мәселе - экологиялық.
Жер шарының экологиясы уақыт өте тозып, жылдан-жылға әлсіреп барады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Ақпараттық қауіпсіздік

Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар.
Бұзушы - тиым салынған операцияларды қателескендіктен, білместіктен орындауға әрекет жасаған немесе ол үшін саналы түрде әртүрлі мүмкіншіліктерді, әдістерді және құралдарды қолданатын тұлға.
Бұзушының үлгісін зерттеген кезде мыналар анықталды:
21 Қатарларында бұзушы болуы мүмкін тұлғалардың санаттары жойында жорамалдар;
22 Бұзушы әрекетінің себептері туралы жорамалдар;
23 Бұзушының біліктілігі және оның техникалық жабдықтанғандығы жөнінде жорамалдар;
24 Бұзушының ықтимал әрекеттерінің сипаты туралы жорамалдар.
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау. ....
Рефераттар
Толық
0 0