I. Кіріспе бөлім 1. Тарих беттеріне саяхат II. Негізгі бөлім 1. Отан - отбасынан басталады 2. Туған жер - алтын бесік. III. Қорытынды бөлім 1. Тәуелсіз елімді сүйемін.
"Біз қазақ деген-мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай,жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, ......
Тәуелсіздік нұрлы таңы атқанына бүгін міне, Жиырма бес жыл! 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, ашу-ыза мен қайғы араласқан, қазағымның басына үлкен қасірет әкелген қаралы күн еді.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Бұрын-соңды кездеспеген жағдай елді елең еткізді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!»,- деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға түрлі жалалар жабылып, «Ұлтшыл,маскүнем» деген кінә тағылды.Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке жан-жақтан милиция қызметкерлері шақырылды. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде болған адамдардың көбісі студент жастар. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды қыршын кеткен өрімдей жастырымыз ұлт намысын ту етіп алдыңғы қатарға шықты. «Қазақ» деген қаным бар», - деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар», - деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы бүгінге дейін қазақ жүрегінде сақтаулы.
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан республикасында -Қандай рәміздеріміз бар? Ту, елтаңба, әнұран -Елбасымыз кім? -Н. Назарбаев Әнұран: Тақпақ: .....
Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі, Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі. Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен, Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді. Декларацияда Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді қабылдамайтыны туралы Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н. Назарбаев ашық мәлімдеме жасаған болатын. Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін және оған әсер ететін әр түрлі факторлардың ықпалын теориялық тұрғыдан қарастырып кеткім келеді.....
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Отан- сенің ата-анаң, Отан- досын, баурың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын. Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі. Біздің Отан – байтақ, Көп ұлттың мекені. .....
Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.....