Кез келген әдетті 30 күнде, яғни 1 айда қалыптастыра аламыз. Бүгінгі тақырыбымыз жақсы әдеттерді қалыптастыру туралы болмақ. Ол үшін ең алдымен алға қойған мақсатқа ұмтылуға көмектесетін ерік-жігер қажет. Осы ерік-жігердің көмегімен өзімізді 30 күн бойы қайрап отыратын боламыз. Иә, оңай емес. Іске кіріспес бұрын өзімізге «5 жылдан кейін кім болғым келеді?», - деп сұрақ қояйық. Бұл үшін бізге қандай әдеттер көмектеседі? Өзгерісті бүгінгі күннен бастасақ, өміріміз де өзімізбен бірге өзгереді. Ештен кеш жақсы! Сол себепті өмірімізді өзгертетін бір емес бірнеше әдетті таңдайық. Және өзіміздің прогрессіміз туралы жазбалар жазып, достарымызбен бөлісіп отырайық.
1. Күн сайын өзіңізге жақын адамға қошемет сөздер айтып отырыңыз. Оны сөзбен де, хат арқылы да жеткізуіңізге болады. Бұл ол адамның сіз үшін маңызды екендігін білдіреді. Осылайша өзге біреуге көтеріңкі көңіл-күй.....
Кішкентай бүлдіршіндер ғажайып мереке Жаңа жылды жыл бойы күтететіні белгілі. Оның ішінде Жаңа жылдың көркі болған Аяз Атамен кездесіп, ойын ойнап, сыйлық алу нағыз сәбилік шақтың қуанышты сәттері болмақ. Сондықтан балаларға «қоржыннан қуаныш» сыйлау үшін Аяз Ата да «мінсіз» болуы тиіс.
Біздің көптеген туысымыз бен досымыз Жаңа жыл мерекесінде «кәсіби Аяз Аталарды» жалдамай-ақ, өздерінің танысына Аяз Ата болып беруін өтініп жатады. Осындай кезде сіздің бір танысыңыз сізге қолқа салып, балаларының қуанышына ортақ болуды өтінетін болса, сіз қандай әрекет жасайсыз? Аяз Ата болудан.....
Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Танымал әнші Тәуекел Мүсілімнің желіде белгісіз арумен сүйісіп тұрған суреті пайда болған еді. Ол бейтаныс бойжеткеннің кім екенін өзінің көрермендеріне ашып айтты деп хабарлайды nur.kz.