Реферат: Тарих | 15 16 ғасырлардағы Қазақ Қырғыз қарым қатынасы

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Сапердің дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты


Мен бұл хатты дзоттан жазып отырмын. Біз осы тамаша бекіністі тек жаңа ғана сен үшін арнайы салып бітірдік. Біз — саперлер бұған өзіміздің бар шеберлігімізді жұмсап, дзоттың мүмкіндігінше жақсы да мықты болуына күшімізді салдық.

Оны салу барысында біз бір-бірімізге:

Жаяу әскер бұл бекіністен фашистерге — біздің ата жауымызға қарсы оқ боратады. Мүмкін ол немістерді бекініске жақын жіберіп, оларды ондап жояр. Мүмкін жау дзотты қоршап та алар, бірақ біздің жаяу әскер досымыз фашистер түгелдей қырылғанша шайқасады,— деген едік.

Онда қарт сапер Семен, айналаны шолып өтіп:

Бұл арада қып-қызыл шайқас болады! — деді.

Мұны естіген комсомолец Ғазиз:

Көзіммен керсем бе, сол ұрысты?!—деп саңқ еткені әлі құлағымда. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Қазақстанның сыртқы эканомикалық саясатындағы Қытай

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Әбу Насыр ӘлФараби шығыстандық педагогы психологы философы

Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.
Толық аты-жөні. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде –оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған.
Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия, жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшіліктерін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ғасыр қасіреті)

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызылала...
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдары

Дипломдық жұмыстың өзектілігі – сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т.б). Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2004Ж.Ж.)

Кіріспе
Сыртқы саясат мәселелері жөніндегі біздің мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев басқарған Кеңестен соң шамамен жарты жылдай уақыт өтті. Бұл форумды қазақстандық сыртқы саясат қызметіндегі бетбұрыс сәт болды десек, асыра айтқандық болмас. Кеңестегі сөйлеген сөзінде Президент Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтарын айқын және көрнекі түрде белгілеп берді, біздің мемлекетіміздің дипломатиялық қызметінің тиісті бағыттарына нақты міндеттер қойды.
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі шын мәнісінде сыртқы саясат ведомствосының практикалық жұмысының, осы жердегі болсын, орталықтағы немесе шет елдегі болсын барлық аспектілерін қамтиды. Президенттің нұсқашалары біздің еліміздегі қайта құруларға қолайлы сыртқы жағдайларды жасау үшін кең саяси ептілікке және нақты дипломатиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, дипломатиялық қызмет Қазақстанның халықаралық құқықтық субъектісі және әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде одан әрі дамуына жәрдемдесудің маңызды құрамына айналып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0