Дипломдық жұмыс: АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың зардабын жою шараларын, адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайтын ұғым - өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі. Өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-катысының, шаруашылық нысандарының түракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау кұралдарының қолдануда пайда болатын апат ошақтарының зардабын зерттеп қүтқару шараларың қарастырады.
Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәнін студенттерге оқытудың басты мақсаты, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда халық шаруашылық нысандарын қорғауда, бүл ұйымның әскери емес жасақтарының іс-жүзінде атқаратын жұмыстарын үйрету.
Бейбіт және соғыс кездерінде төтенше жағдайлар пайда болады.
Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзу мүмкін, авария, зілзала немесе апат салдарынан бір аумақта туындаған жағдайды айтады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті

ХІ ғасырда барлық жердегі сияқты Германияда да шаруашылық дами бастады. Қалалар өсті, соның ішіндегі ең ірілері тұтас өлкенің қыстақтары мен шағын қалашықтарын өзіне тарта бастады. Дегенмен Германияның бірде-бір ірі қаласы Франциядағы Париждей немесе Англиядағы Лондондай бүкіл елге орталық бола алмады. Мұнда ірі қалалар өзара емес , көбінесе басқа елдермен сауда жасады. Сондықтан да немістің қала тұрғындары Англияның немесе Францияның қала халқы сияқты біртұтас мемлекет құруға оншалықты ұмтылған жоқ.
Басқа елдерде ұсақ және орташа феодалдар корольдің тірегі болып отырғанда, Германия князьдерге тәуелді болды. Олар бұл жерде орталық үкіметке сенімді тірек бола алмады. Өйткені өте әлсіз еді.
Германияны біріктіру жергілікті орталықтардың айналасында жүріп жатты. Мұнда біртұтас орталықтандырылған мемлекеттің орнына корольге тәуелсіз князьдердің басқаруымен көптеген мемлекеттер пайда болды.
1815-1848 жылдары герман мемлекеттеріде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда шаруашылық буржуазиялық-юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болда. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең етек алып, теміржолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Қалардың өсуімен бірге ауылшаруашылығының табысы артты. Қалаларға апарып нан мен етті, сондай-ақ жүн мен зығырды тиімді сатуға болар еді. Өз шаруашылығында өнімді көбірек алу үшін феодалдар шаруалар иеліктерін қысқартып, мырзалар егістіктерін кеңейте берді. Олар қауымдық жерлерді басып алды, шаруаларға рманнан қу ағаштарды жинауға, өзендер мен тоғандардан балық аулауға , жайылымдарға мал бағуға тыйым салды. Жер иесі қайтыс болған шаруаның қора-қопсысын оның екі-үш ұлына бөліп беріп, содан соң оның әрқайсысынан әкелері төлеп келгендей төлемді талап еткен жағдайлар да болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Сырым Датұлы

реферат Сырым Датұлы туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат Сырым Датұлы на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:: 6.4В XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақтың тақырыбы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ХҮІ–ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың рухани мәдениетінің дамуы туралы түсінеді;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі пәні бойынша оқу - әдістемелік кешенін жүзеге асыру

КІРІСПЕ
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды .
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау
Сабақ мақсаттары: Ислам мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу

Тақырыптың өзектілігі. Сырдария – Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған.Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т.б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда.Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ұзақ жаншылу сырқаты



Әскери - далалық хирургияда және хирургиялық жарақаттардан кейін кездесетін күрделі асқынуға ұзақ жаншылу сырқаты (ҰЖС) жатады. Бұл жерде ҰЖС - әртүрлі атаумен аталып келгенін айта кету жөн – «жарақаттан улану», «жаншылу сырқаты», «босату сырқаты», «жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу сырқаты», т.б.



ҰЖС – жарақаттардың аса бір күрделі асқыну түрі. Оны ғалымдардың жеке бөліп қарауына сәйкес табиғи апат кезінде және соғыста алған жарақаттар осы ауыр дағдарыстың дамуына себепкер болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0