Әңгіме: ӘБУНАСЫР әл-ФАРАБИ – әл-ОТЫРАР

Отырар қаласының ортасында орналасқан әдемі сарайдың кең, салтанаты жарасқан қонақ күтетін бөлмесіндегі биік те үлкен үстелдегі қазақи мол дастарханның төрінде ел арасында Қоңыр атты қолбасшы аталып кеткен Отырар қаласының әскербасы Махмұт отыр. Дастарханды айнала қолбасшының көп балалы отбасының барша мүшелері жайғасқан. Махмұтқа қарама-қарсы жақта Махмұттың келіншегі Ботагөз ағаш тегенедегі сары қымызды ағаш ожаумен жайлап сапырып отыр. Әкесінің оң жағында ұлдардың ең үлкені Әбунасыр, сол жағында қыздардың ең үлкені Айсұлу орналасқан. Махмұттың Әбунасырдан кейінгі.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақ мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жасырынбақ

«Жасырынбақ» ойыны әдетте жаздыгүні, ай жарығында шөптесін алаңдарда, ал күндіз қорақопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.

Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін белгілейді. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгірулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бірінші көрген бетте-аң «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.

Саусақ санау әдісі ойында былай жүргізіледі: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, уш» дегенде, бәрі саусақ көрсетеді. Біреуі —5, біреуі —10, біреуі —2, тағысын тағы, көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейін саусақты ең аз берген, не ең көп берген ойыншыдан бастап айналдыра, айталың 47-ге дейін санай береді. 47-ші сан кімге түссе, сол іздеуші болады. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейді .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Путин Ердоғаннан кешірім сұрады

Ресей Президенті Владимир Путин Реджеп Тайып Ердоғаннан ресейлік ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғаны үшін кешірім сұраған. Бұл қазан айында — Түркия қарулы күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенге дейін екі ай бұрын болған. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Италияның ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0