Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.
Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ.....
Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы.......