Бастаған істі соңына дейін жеткізуге арналған 6 кеңес

Адамдардың көпшілігінде үймеленген, бітпеген тау-тау жұмыстары бар. Ол тек жұмыс емес шешілмеген мәселелер болуы мүмкін. Олардан қалай арылуға болады? Алдын алуды қалай меңгереміз? 6 кеңес Сізге көмектесе ала ма?
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық
41 -25